ҚАЛҚАМАН МЕШІТІНДЕ «ХАЛАЛ - ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің жылдық жоспары негізінде Наурызбай адуаны «Қалқаман» мешітінде «Халал - шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті.
Мешіт жамағатына арналған семинарда шариғат талаптарының бірі адал ас тұтыну қажеттіліктері айтылды. Семинар жүргізушісі «Қалқаман» мешітінің наиб имамы Табын Мұхаммедсали қатысушы жамағат сұрақтарына жауап берді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі