Мичиган ислам академиясының оқушысы Google Doodle байқауының жеңімпазы атанды
Анн-Арбордағы Мичиган ислам академиясының 10 жасар оқушысы Google for Doodle байқауында барлық талапкерлердің арасынан жеңімпаз ретінде танылды, - деп хабарлайды Mlive.
«Мен өскенде...» тақырыбындағы байқауға қатысушылар өздерінің болашақ туралы көзқарастарын білдіретін суреттерін ұсынған болатын.
Төртінші сынып оқушысы Лияна Сыддықтың суреті оның Марсты бағындырған алғашқы мұсылман әйел ғарышкер болу туралы арманын бейнелейді.
Google байқауының мемлекеттік және аумақтық іріктеулерінен балабақша мен 12-сынып оқушыларынан 53 жеңімпаз таңдалады, әр штаттан бір-бірден және Вашингтон, Колумбия округі, Пуэрто-Рико, Гуамадан.
«Мен әрқашан ғарыш өте қызықты деп ойлайтынмын», - деді Лияна.
Әр түрлі топтан ақтық сынға бес үміткер таңдалады. Төрт жүлдегердің әрқайсысы 5000 доллар көлеміндегі стипендияға, Калифорниядағы Google-дың штаб-пәтеріне жолдамаға, Google-дан аппараттық қамтамасыз ету мен басқа да сыйлықтарға ие болады.
Pew Зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек мұсылмандар Американың 322 миллион халқының 1%-ын құрайды.
Google Doodle – бұл Google-дың негізгі бетіндегі логотипті арнайы уақытша өзгерту, логотип негізінен мейрамдардың, оқиғалардың, жетістіктер мен танымал тарихи тұлғалардың құрметіне ауыстырылып отырылады.
Алғашқы Google Doodle 1998 жылы Burning Man («Отқа оранған адам») оқиғасын атап өтті және оны сервердің істен шығуы жағдайында пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында Ларри Пейдж бен Сергей Брин ойлап тапқан болатын.