Швейцарияда тұңғыш рет Құран байқауы өтті

Швейцарияда тұңғыш рет ұйымдастырылған Құран байқауына 7 жастан 70 жасқа дейінгі 50-ден астам қари қатысып, өзара бақ сынады.
Мұндай игілікті іске Кувейттің «Халықаралық Рахмат» ұйымы қолдау білдірді. Сондай-ақ, аталмыш байқау жергілікті халықтың үлкен қызығушылығын оятып отыр.
Құран байқауының бас жүлдегеріне Қажылық сапарына жолдама берілсе, қалған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табысталды.