РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАҢЫЗ (LIVE)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқау өтеді.
Республикалық құран жарысы Діни басқарманың «Мүфтият» YouTube арнасынан ертең сағат 08:30-дан бастап тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі күнге жалғасатын байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80 үміткер бақ сынайды. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен өткен үздіктер 4 аталым бойынша: Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша сынға түседі.
Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/8MCO5bF4ghQ