«ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘСІП» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешітінде «Отбасы және кәсіп тақырыбында әйел жамағатымен келелі кездесу өткізілді.
Алматы өкілдігінің 2025 жылға арналған жылдық жоспары аясындағы шараға мешіттің әйел жамағаты мен бірқатар ұстаздар қатысты. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы әйел баласының отбасындағы міндетіне кеңінен тоқталды. Заман талабы мен қоғамда жеке іспен айналысуға бел байлаған ханымдарға ақыл-кеңестерін жеткізді. «Қалқаман» мешітінің ұстазы Рәзия Темірбаева ошақтың ұйытқысы болған әйел қауымы тұрмыстың ауыр жүгін арқалаған ер азаматына қолдау білдіруін отбасылық келісім негізінде жүзеге асыруға шақырды. Кездесу барысында бірқатар мешіт ұстаздары және қыз-келіншектер, шәкірттер маңызды тақырып төңірегінде сұрақ-жауап алмасты. Көкейдегі сан сауалға тұшымды жасауап алған әйел жамағаты ұйымдастырушылар мен меші ұстаздарына алғыстарын жеткізді.