ҚҰРАННЫҢ ЯСИН,УАҚИҒА, МҮЛІК,НӘБӘ СҮРЕЛЕРІН ЖАТҚА ОҚУДАН САЙЫС ӨТТІ
Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешітінде Құран Кәрімнің Ясин, Уақиға, Мүлік, Нәбә сүрелері бойынша шәкірттер арасында Құранды жатқа оқу байқауы өтті.
Байқауға әділ қазылық жасаған Алматы қаласы Орталық мешіті наиб имамы Сұлтанбай Назар, «Хусамуддин ас-Сығанақи» қарилар дайындау ижаза орталығының директоры Бақытжан Ақжолтай, «Байкен» мешітінің наиб имамы Жетпісбаев Жолдас сынды білікті қарилар төрешілік етті. Жарыс 2-номинация бойынша өтті.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Құраның Ясин, Уақиға, Мүлік, Нәбә сүрелері арасында жеңіс тұғырынан көрінген шәкіртер:
1-орын Байелов Ерғали (100 000тг);
2-орын Нұрланбек Әмір (70 000тг);
3-орын Сейдаханов Абдулазиз (50 000тг);
Құран Кәрімнің Уақиға, Мүлік, Нәбә сүрелері аралығында жеңіске қол жеткізген шәкірттер:
1-орын Тілеуниязов Думан (70 000тг);
2-орын Баймаханов Мақсат (50 000тг);
3-орын Елдес Әлімжан (30 000тг);
Байқауға қатысып көрермен көзайымына айналған
1. Ертайұлы Нұралы
2. Оралбай Нұрасыл
3. Ерланұлы Мұхаммад-Алижас шәкірттерге ынталандыру ретінде қаржылай 10 000тг сыйақы және әрбір қатысушыға сертификат пен кітап табысталды.













