Маусымның 10 күні Қырғызстанның астанасы Бішкекте көп әйел алуды заңдастыруға қатысты дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды
Azan.kz.
Озубек қажының сөзіне қарағанда, егер ер адам бірнеше жанұяны асырай алса, ол екі немесе үш әйел ала алады. «Әйел затын асырау керек, олар жұмыс істеп, ақша табуға міндетті емес» - деді ол.
Мысал ретінде ол «Манас» эпосының кейіпкері Ақ Балтаны келтірді, аңыз бойынша оның 60 әйелі болған. «Біз бұл жерде 60 әйел алу керек деп отырған жоқпыз. Біз 3-4 әйел алып, соларды асырауды ұсынып жатырмыз» - деді Озубек қажы.
Чубак қажының айтуы бойынша, көп әйел алу – діни емес, ұлттық мәселе. Оның пікірінше, көп әйел алу – көп балалы болу дегенді білдіреді.
Сонымен қатар, Чубак қажы, көп әйел алу жезөкшелік мәселесінің шешімі болып табылады деп есептейді.