Видео: Бішкекте Орта Азиядағы үлкен мешіт бой көтерді
Мешіт кешенінде 500 көлікке арналған тұрақ, Құран оқып үйрету бөлмелер, конференц-зал, асхана және бұрқақ орналастырылған.
Мешітке үлгі ретінде Анкара қаласы Қожатепе ауданының мешіті алынған. Құрылыс басшысы Мұса Демирджи «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында мешіт құрылысының аяқталып, мешіт ауласын безендіру жұмыстары ғана қалғандығын айтқан. Оның айтуынша, мешіттің 70 метр биіктіктегі төрт мұнарасы мен екі қақпасы бар.