ҚР ІІМ №11 МЕКЕМЕСІНДЕ РУХАНИ-НАСИХАТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Алматы қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №11 мемлекеттік мекемесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған рухани-насихаттық және қайырымдылық іс-шара өтті.
Іс-шараға Наурызбай ауданының бас имамы Бақытжан Көптілеуов, Қалқаман мешітінің бас имамы Сәкен Давмушаров және Мұхаммед әл-Әмин мешітінің бас имамы Бақыт Ұлжаев қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдерге киім-кешектер табысталып, «Ел бірлігі – ел болашағының негізі» тақырыбында уағыз айтылды. Имамдар татулық, адамгершілік, отансүйгіштік және жауапкершілік құндылықтарының маңызын түсіндірді.
Алла Тағала Құранда: «Барлығың Алланың жібіне берік ұстаныңдар да, бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 103-аят), – деп бұйырады.
Кездесу соңында жасөспірімдерге ізгі тілектер айтылып, білім мен тәрбиеге ұмтылып, елге пайдалы азамат болуға шақырылды.



