ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Жетісу ауданындағы «Әли Мұхаммед» мешітінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жәй-жапсарымен танысып қайтты.
90 жылдар ішінде Пірмұхаммед қажы Кузиев жергілікті халықпен бірге ұйымдастырып, кәсіпкер Ділмұрат Кузиев басқарып отырған «Бент» АҚ-ның қаржылай демеушілігімен 700 адамдық мешіт салынған. Құлшылық үйінің ресми ашылуы 1997 жылы тамыз айында өтті. 2014-2015 жылдары мешітке қайта жөндеу жұмыстары жасалынған. Алайда мешітке келуші жамағат санының артуына байланысты биылғы жылдың ақпан айынан бастап Алла үйіне күрделі құрылыс жұмыстары басталды. Мешіттің аумағына катлаван қазылып, жертөлесіне бір мезетте 1500 адам намаз оқи алатын кіші намазхана бөлмесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Үстіңгі қабатында алдыңғы салынған мешітті тарихи мұра ретінде ортасында қалдырып, айналасынан 3500 адам сыйымдылығында кеңейтілу жұмыстары жалғасып жатыр.
Мешіт құрылысына қатысты қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы жамағат қолайлығы үшін бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Алла үйінің құрылысын салып жатқан «Реал Строй» ЖШС мердігер компаниясы осы жылдың қазан айында мешіт құрылысын толық аяқтап жамағат игілігіне ұсынуды жоспарлауда.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі