МЕШІТКЕ ЖАРЫҚ ШАМ УАҚЫП ЕТІЛДІ

Медеу ауданы «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітіне жарық шам уақып етілді.
Бұл игі іс мешіттің нұрланып, жамағаттың жайлылығы үшін жасалған маңызды қадам. Алла разылығы үшін жасалатын, сауабы үзілмейтін уақып амалы арқылы жеке кәсіпкер мешіт шамдарын толық жаңартты. Қаладағы көрікті ғимараттардың бірі мешіттер екенін, сондай-ақ қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқаратын мешіттерді көрікті етуде қала халқы да атсалысуда.
Игі іске себепкер болған азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жүректерге иман нұрын, амалға тұрақтылық берсін.