«ПЕЙІШ САМАЛЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ

Алматы қаласы, Алатау ауданы «Алғабас» мешітінің әйел қыздар секторы «Пейіш самалы» атты қайырымдылық ауызашарын өткізді.
Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Осы айда ерекше жандардың жүрегіне жылу сыйлап, сауапқа кенелу мақсатында, қаладағы ерекше балаларын тәрбиелеп жүрген тәрбиешілер мен аналарға және онкологиялық аурухана ұжымына жылдағыдай қайырымдылық ауызашары өткізілді.
Ауызашарда уағыз-насихат, көріністер мен жүректі тебірентер әңгімелер, қайта жанданған ұлттық ойындар, дәстүрлі сұрақ-жауаптар жүргізіліп, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл игі шара – мейірім мен қайырымдылықтың жарқын көрінісі болды. Мейірімге толы кешке келген аналарымыз рухани азық алып, көңілдері көтеріліп, өздерінің істеп жатқан амалдары сауапты іс екеніне үлкен мативация алып қайтты. Рамазан айының берекесі мен шапағаты ерекше жандардың жүрегіне жылу сыйлап, баршаға қуаныш ұялатты. Қайырымды жандардың қолдауы мен ықыласының арқасында аналарымыз рухани күш-қуат алып, балаларға қуаныш сыйланды. Осындай сауапты істер көбейіп, мейірім шуағы үзілмесін! Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын!
1. «Сенім» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ
2. «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ
3. «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ
4. «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ
5. ГЦПП онкологиялық орталғының қызметкерлері қонақта болып, Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.