БАС МҮФТИ МАРҚҰМ БОЛҒАН ИМАМНЫҢ ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында ғұмырын діни салаға арнап, имамдық етіп, марқұм болған дін қызметкерінің отбасына және науқас имамға қолдау көрсетті.
Алматыда өткен ауызашар дастарқанында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни салада «Көктөбе» мешітінде бірнеше жыл имам болған Сәкен Ілиясұлының отбасына 1 000 000 теңге қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері ауыр науқасқа шалдыққан «Әбу Бәкір» мешітінің наиб имамы Қалдан Үсенге де қаржылай қолдау көрсетті.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай марқұм болған имамдардың отбасына әлеуметтік көмек көрсету бастамасы жыл басында жұмыс жоспарына енген болатын.