Пайғамбар (с.ғ.с.) атындағы мешіт бой көтерді (ФОТО, ВИДЕО)
Шешенстанда Еуропадағы ең үлкен мешіт бой көтерді.
Алланың үйі Грозный қаласынан 35 шақырымдай жердегі Шали қаласында орналасқан. Ол ақ грек мәрмәр тасымен қаланып, алтын және өзге де асыл тастармен безендірілген.
Республикалық мешіт құрылыстарының жауаптысы Амрудди Эдильгириевтің айтуынша, мешітте бір уақытта 30 мың адам намаз оқи алады. Ал мешіт ауласын қосқанда 70 мың адамның құлшылық өтеуіне жағдай жасалған. Мешіт күмбезінің биіктігі – 43 метр, ал төрт мұнарасының биіктігі – 63 метр.
Мешіттің ашылуы Шешенстанның бірінші президенті Ахмат қажы Қадыровтың құрметіне оның туған күні өтті.
Негізінен мешіт құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айында басталған. Мешіт орны мен ауласын қосқанда 5 гектар жерді алып жатыр.
Azan.kz