Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Алматы қаласындағы «Бақыткелді» мешітінің бас имамы Бауыржан қажы Керімбайұлының ұйымдастыруымен және демеушілігімен қасиетті Құран Кәрімнің 30-шы парасының «Фәжр» мен «Нәс» сүресіне дейін «Бақыткелді», «Орбита», «Нұр-Мүбарак», «Бәйкен» мешіттері жамағаты арасында жарыс өтті. Аталмыш сайысқа 25 үміткер қатысты. Шара барысында сөз алған «Бақыткелді» мешітінің бас имамы Қаңлыбаев Бауыржан қажы Құран түскен Рамазан айында Алланың Кәләмін оқудың, оны жаттаудың үлкен сауапты амал екенін тілге етіп, қатысушы үміткерлерге алғысын жеткізді.
Әділ қазылар алқасының төрағасы Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас ұстазы Сапанов Талғат, әділ қазылар алқасы мүшелері: «Бақыткелді» мешітінің бас имамы Қаңлыбаев Бауыржан, «Бәйкен» мешітінің ұстазы Жетпісбаев Жолдас, «Орбита-3» мешітінің ұстазы Ділдаханов Ақжан, «Бақыткелді» мешітінің наиб имамы Бақытжан Ақжолтай қатысушыларына әділ бағасын берді.
Жеңімпаздардың есімдері:
І орын (жаңа үлгідегі теледидар) – Әлфараби Тұрғанжан. («Бақыткелді» мешітінің 6 жасар шәкірті).
ІІ орын (велосипед) – Ұзақ Әсет. («Орбита-3» мешітінің шәкірті).
ІІІ орын (шаңсорғыш) – Қабат Нұрислам. («Бәйкен» мешітінің шәкірті).
ІV орын (микротолқынды пеш) – Жұмабеков Арман. («Нұр-Мүбарак» мешітінің шәкірті).
V орын (Tefal шәйнегі) – Качиев Аслан. («Бақыткелді» мешітінің шәкірті).
«Бақыткелді» мешітінің баспасөз қызметі