ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінде қала бойынша дін қызметкерлеріне тәртіптік кеңестің ережелері таныстырылып, бес бағыт бойынша бекітілген жұмыс жоспарының орындалуы пысықталады.
Шаһардың бас имамы Төлеби Оспан қала мешіттерінің наиб имамдары, ұстаздары, азаншылары мен іс басқарушыларға тәртіптік кеңестің ережелерін таныстырды. Орталық мешіттің наиб имамдары жыл басында ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде нақты тапсырмаларды жеткізді. Жиын барысында сонымен қатар мешіттегі діни рәсімдер өткізуде ережелерді сақтап, оқыс оқиғаларға жол бермеу тапсырылды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі