ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА 500 БАЛАҒА АЙТТЫҚ ТАРАТЫЛДЫ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспар негізінде Ораза айт күні Түрксіб ауданы «Фирали Ферғанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 500 балаға айттық сыйлық таратылды.
«Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы мешітке жиналған балаларды айт мерекесімен құттықтап, мұсылмандар асыға күтетеін мейрам маңызын түсіндірді. Имамдар 50 баладан екі мекен-жайдағы балалар мен көп балалалы аналарға және жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне рамазан сыйын үлестірді. Сонымен қатар «Шабыт» оқу орталығының балалары мен «Зейін» қоғамдық қорына да тәттілер жиынтығынан құралған сый қорабы табысталды. Кішкентай балалар мен жасөспірімдер мерекені сезініп, жан-жағына қуаныш, мейірім сыйлауға әдеттенуге себеп болса деп үміттенеміз , - деп атап өтті ұйымдастырушылар. Көтеріңкікөңіл-күй мен тәтті сый үшін дін қызметкерлеріне балалар алғыстарын жеткізді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі