Бас мүфтидің қатысуымен көп балалы екі отбасыға үй кілті табысталды (ФОТО)
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға қазақ өнерінің танымал өкілдері - Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Ерғали Əбдірайымов, Ақбота Керімбекова қатысты.
Қасиетті рамазан айында, 1 маусым халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған шарада баспанаға аса мұқтаж екі отбасына үйдің кілті табысталды. Сонымен қатар, тоғыз құрсақ көтерген батыр ананың балаларына бағалы сыйлықтар, ойыншықтар үлестірілді.
ҚМДБ мен өнер өкілдері бірлесе атсалысқан шара алдағы уақытта ұдайы жалғасын таппақ.