Алматы әкімі Орталық мешітте болды (ФОТО)
Бүгін, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза Алматы Орталық мешітіне арнайы ат басын бұрып, бабалардың және қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына Құран оқытып бағыштатты.
Қала әкімі, сонымен қатар, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Алматы әкімдігінің қамқорлығымен іске асатын мешіт ауласының қайта күрделі жөндеу жұмыстарының жобасымен танысып, Медеу ауданы әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Мешіт ауласының мешітке келуші жамағатқа, отбасыларға жайлы әрі қолайлы болуын баса айтты.
Сосын ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлы Құран оқып, сауабын зұлматты жылдарда шейіт болған құрбандардың рухына бағыштап, дұға етті.
Сондай-ақ, өкіл имам мешіттердегі діни рәсімдердің орындалуына әрдайым қамқорлық танытып жүрген қала басшылығына ризашылығын білдіріп, тұрғындардың игілігі үшін болған барлық бастамалардың тиімді іске аса беруіне тілектестігін айтты.