«ОРАЗА - ИХСАН КӨРІНІСІ» ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР ӨТТІ

ҚМДБ 2023 жылғы Рамазан анықтамалығындағы уағыз-насихат бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Алматы имамдары «Ораза - ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинарлар өткізуде.
Игі іс-шара барысында имамдар оразадағы рухани тәрбиенің маңызы туралы уағыз айтып, ихсан ұғымының мән-мағынасын түсіндірді. «Исхан - рухани тәрбие негізі» кітабы бойынша әуелі Жаратушы Алла Тағаланы танудан бастап, мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі аят-хадистермен нақты түсіндірілуде. Оразаға қатысты жамағат тарапынан сұрақтарға тұшымды жауап берілуде. Игі шара рамазан айының соңына дейін жалғасын таппақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі