АУЫЗАШАРДА ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР АЛМАСТЫ
Алматы қаласы мешіттеріндегі ауызашар сәтінде жамағатқа «Дін мен дәстүр», «Ихсан», «Ізгі қоғам» тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылып, жауаптармен алмасты.
Мешіттерде өткізіліп жатқан уызашар сәттері тек дайын ас ішіп қайту емес, керісінше ілім қосып, сонымен қатар білімдерін арттыруға мол мүмкіндік туған басқосуға айналды. Өзекті болған «Дін мен дәстүр», «Ихсан», «Ізгі қоғам» тақырыптарында және тағы басқа да тақырыптарда сұрақтар қойылып, дұрыс жауап иелеріне бағалы сыйлықтар ұсынылды. «Рамазан айының алғашқы ауызашарынан бастап мешіт имамдары мен ұстаздары жамағат бірлігі мен асыл дініміздің насихат жолында аянбай еңбек етуде. Алла мол сауаптан жазсын», - деп жамағат ыстық ықыласын білдіруде.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі