«АҚ БАТА - АЛТЫН СӨЗ» БАТА БЕРУДЕН САЙЫС ӨТТІ
Алматы қаласы Жетісу ауданы «Әл-Мәдина» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» орталығында «Ақ бата - алтын сөз» атты баталар сайысы өтті.
Қаламыздағы мешіттерде білім алып жатқан абзал аналар мен асыл әжелеріміз ақ бата, асқа бата, үй иесіне және тағы басқа баталар бойынша сайысқа түсті. «Әл-Мәдина» мешітінің ұстазы Айнұр Шаймерденқызы «Бата мен дұғаның ерекшеліктері» тақырыбында жиналған әйел жамағатына насихат айтты. Сайысқа қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, бас имамның атынан Алғыс хат және сыйлықтар табысталды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі





