«ЖЫЛУ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алатау ауданы бойынша бірқатар мешіттер мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.
Атап айтсақ, «Мәдениет», «Ұлжан», «Әл-Ләтиф», «Ер Жәнібек» мешіттерінің ұйымдастыруымен көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы аясында үйді жылытуға арналған қара отынмен қамтамасыз етілды. Іс шара барысында отбасының хәл-күйін сұрап, сонымен қатар балаларға сыйлықтар үлестірілді. Және алдағы қыс күндері өрт қаупсіздігін сақтау туралы ескертілді.