Алматыда әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)
Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспанның бастамасымен, құрбан айт мейрамына орай әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Әуезов ауданына қарасты реабилитация және оңалту орталығына қарасты 50 отбасы мен 13 тәрбиеші-мұғалімге азық-түлік жеткізіліп, “Сенім әлеуметтік қызмет ету орталығы” коммуналдық мемлекеттік қызмет мекемесіндегі 115 науқас балалар мен 40 тәрбиешіге мерекелік дастархан жайылды.
Шара барысында Алматы орталық мешітінің ұстазы Айнұр Жарқынбекқызы мен Қайрат мешітінің ұстазы Сүлейменова Гүлмира құрбан айт мерекесімен құттықтап, Құран Кәрімде «Расында, Алла жасаған игіліктеріңді (өте жақсы) біледі». («Бақара» сүресі, 273-аят) дей келе, мұсылман үшін жасаған жақсылығын адамдар емес, Алланың білгені маңызды екендігіне тоқталып, адам өміріндегі қайырымдылықтың маңыздылығын баяндады.
Ескерте кететін жайт, қайырымдылық шарасы аясында Жанұя балалар үйіндегі 91 бала мен тәрбиешілеріне дастархан жаю жоспарда тұр.