Алматы: Жат ағымның алдын алуға арналған семинар өтті (ФОТО)
Алматы қаласы мешіттерінің жат ағыммен күрес бағытына жауапты діни қызметкерлерінің қатысумен жат ағымның алдын алуға арналған семинар өтті.
Бұл жиынға Алматы орталық мешітінің бірінші наиб имамы Ержан Есім, “Адам және қоғам” үкіметтік емес ұйымының жоба үйлестірушісі Дулат Серікұлы және осы үкіметтік емес ұйымының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Жанат Ерекенқызы қызы арнайы қатысып, пікір білдірді.
Жиында жат ағыммен жұмысты нығайту, жат ағым өкілдеріне қатысты уағыз-насихаттар мен түсіндіру жұмыстарын қарқынды дамыту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, аталмыш бағыт бойынша апталық және айлық іс-шаралардың жоспары бекітіліп, арнайы тапсырмалар берілді.