Алматы: Екі мешіттің асханасына «ХАЛАЛ» сертфикаты берілді (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы «Мырзахмет» және Таугүл-з» мешіттерінің асханасына ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тарапынан қойылатын жалпы талаптар стандартына сай болғаны үшін сертификат берілді.
Куәлікті Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Маратхан Чадаев «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Ержан Абдраманов пен «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Ернар Мәженге табыстады.
Айта кететін жайт, бұл сертификат асхананың ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Тамақтандыру қызметтері» мен «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай беріледі.