Алматы: Үш күндік семинарға қатысқан 100 имамға сертификат табысталды (ФОТО)
Нұр-Мүбарак университетінде Алматы қаласындағы имамдарға арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты үш күндік семинар аяқталып, қатысушыларға білім сертификаты табысталды.
Біліктілікті арттыру курсына қатысушыларға сертификат беру рәсіміне Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның бірінші наиб имамы Ержан Есім қатысып, сөз сөйледі.
Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы және «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан курста университеттің оқытушы ғалымдары, білікті теолог-сарапшылар дәріс берді.
9-11 маусым күндері алматылық 100 діни қызметкер 18 академиялық сағат құраған дәрісте дәстүрлі құндылықтар және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістер танысты.