Ғылыми кітапханада «БАС МҮФТИ ТАҒЫЛЫМЫ» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)

Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Бас мүфти тағылымы» кітабының танытым шарасы ұйымдастырылды.
Басқосу аясында ақын, Отырар ауданның құрметті азаматы Құралбек Қосайұлы, «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Дәурен Әуелханұлы сөз сөйлеп, кітап туралы ойларымен бөлісті.
Кітапты Шымкент орталық мешітінің наиб имамы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров құрастырған.
Жарық көрген «Бас мүфти тағылымы» кітабында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айшықты ойлары мен ғибратты сөздері, жамағатқа айтқан уағыз-насихаты жинақталған. Кітап ғылыми ізденістегі дінтанушы мамандар мен барша оқырман қауымға арналған.