«365 КҮНДЕ ПАЙҒАМБАРЫМНЫҢ СИРАСЫ» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы өкілдігіне қарасты Алатау ауданы мешіттерінің ұйымдастыруымен «365 КҮНДЕ ПАЙҒАМБАРЫМНЫҢ СИРАСЫ» кітабынан 10-15 жас аралығында мектеп қыз оқушыларына жарыс өтті.
Ізгі іс шара Құран оқумен ашылды. «Әл-Азим» мешітінің бас имамы Ғазиз Жүсіпов келген қонақтарға Пайғамбарымызға (ﷺ) құрмет көрсетудің маңыздылығы мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы насихаттап, қатысушы шәкірттерге жарыста сәттілік тіледі.
Балаларға арналып жазылған «365 КҮНДЕ ПАЙҒАМБАРЫМНЫҢ СИРАСЫ» кітабын екі ай бойынша 100-ге жуық шәкірт онлайн түрде ұстаздармен бірге үздіксіз оқыған болатын. Енді міне, іріктеуден өткен шәкірттерге оффлайн жырысы өтілді.
Сондай-ақ «Бекет-Ата» мешітінің ұстазы Меруерт Карибаева Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал ету жайлы уағыз айтты. Келген жамағатқа ойындар ойнатылып, сыйлықтар берілді.
Іс шараның басты бөлігі болған Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянынан жарысқа 28 шәкірт қатысты. Жарысушы шәкірттерге ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы, «Қарасай батыр» мешітінің ұстазы Айдарова Мақсат және «Заря Восток» мешітінің ұстазы Рысакова Ләйла төрешілік етіп, əділ қазылар алқасы құрамында болды.
Марапаттау рәсіміне «Әл-Азим» мешітінің бас имамы Ғазиз Жүсіпов қатысып, Пайғамбар өмірін үлгі еткен шәкірт-жастарға алғысын білдірді. Мешіт шәкірттері арасында өткізілген жарыста жүзден жүйрік қюшыққан топтарға сертификаттар табысталды.
Басты жүлде «Фирдаус» тобы (100 000 теңге)
1-орын «Кәусар» тобы (70 000 теңге)
2-орын «Хикма арулар» тобы (40 000 теңге)
3-орын «Рауда» тобы (40 000 теңге)
көлемінде қаражат сертификаты берілді.
Қатысқан барша шәкірттерге сыйлықтар беріліп, белсеңділіктері үшін мақтау қағазымен марапатталды. Жарыс соңында мешіттің әйел жамағатына және құрметті қонақтарға арналған берекелі дастархан жайылып, ас берілді.