ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Тәуелсіздікті сақтап қалудың басты тірегі – бірлікті бекем ету. Бірлік – Тәуелсіздіктің алтын тұғыры. Өзара ауызбіршілікті сақтаудың маңызы жайлы Хақ Тағала Құранда былай деген: «Барлығың да Алланың желісіне (дініне) мықтап жармасыңдар және өзара бөлінбеңдер. Сондай-ақ Алланың өздеріңе (үйіп-төгіп) берген нығметін естеріңе алыңдар. Кезінде бір-біріңе бітіспес дұшпан едіңдер, ал бүгін Алла Тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп Оның (иман, хақ дін Ислам сынды) баға жетпес нығметінің арқасында біріңе-бірің бауыр болдыңдар. Сондай-ақ кезінде сендер тозақ шыңырауының шетінде тұрған едіңдер, алайда Алла сендерді одан сақтады. Сендер тура жолға түссін деп Алла Өзінің аяттарын, міне осылайша ашық баяндайды» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят)