ОТБАСЫН АСЫРАУДА ЕР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Жәнібек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 19:01
Жәнібек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Жәнібек
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:02 06:41 14:02 19:01 21:12 22:51
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Сафар 1446
Миләди
16 тамыз 2024

Мақалалар

ОТБАСЫН АСЫРАУДА ЕР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын!

 

Отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүруі – бір-бірлерінің алдындағы отбасылық міндеттерді жауапкершілікпен орындауларына тікелей байланысты. Бабаларымыз: «Екi жақсы қосылса, өлгенiнше дос болады. Екi жаман қосылса, өлгенiнше өш болады», – деп тектен тек айтпаса керек.

Асыл дініміз Исламда әйел адамның ері алдында орындауы керек міндеттері болғанындай, ер адамның да әйелі алдында атқаратын міндеттері бар. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 228-аятында:

وَلَهُنَّ مِثْلُ الَّذِي عَلَيْهِنَّ بِالْمَعْرُوفِ

«Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында (атқарылуы тиіс) міндеттері бар», – деп айтқан.

Ендеше, Алла Тағаланы танып, Жаратушы алдындағы міндеттерін орындап, құлшылық-ғибадатқа жауапкершілікпен қарайтын мұсылман, өзінің отбасылық міндеттеріне де аса жауапкершілік танытуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِي أَهْلِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ

«Ер кiсi отбасының бақташысы. Сондықтан да ол – баққанына жауапты», – деген (имам Бұхари, Мүслим).  

Алла Елшісінің өзі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұбайларымен ең көркем мәміле жасаған болатын. Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі еткен мүминдер де өзінің жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болып, оның алдындағы міндеттерін дұрыс орындай білуі керек.

Ер адамның әйелі алдындағы атқаруы керек болған негізгі міндеттер мынадай:

 

Бірінші: Отбасын нәпақамен қамтамасыз ету

Шариғат бойынша ер азамат жұбайы мен балаларын тиісті нәпақамен қамтамасыз етуге міндетті. Тіпті жұбайымен ажырасып кетсе де, белгілі бір жасқа жеткенше әкесі баланың нәпақасын береді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Талақ» сүресі, 6-7-аяттарында:

أَسْكِنُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ سَكَنتُم مِّن وُجْدِكُمْ وَلا تُضَارُّوهُنَّ لِتُضَيِّقُوا عَلَيْهِنَّ وَإِن كُنَّ أُولاتِ حَمْلٍ فَأَنفِقُوا عَلَيْهِنَّ حَتَّى يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ فَإِنْ أَرْضَعْنَ لَكُمْ فَآتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ وَأْتَمِرُوا بَيْنَكُم بِمَعْرُوفٍ وَإِن تَعَاسَرْتُمْ فَسَتُرْضِعُ لَهُ أُخْرَى. لِيُنفِقْ ذُو سَعَةٍ مِّن سَعَتِهِ وَمَن قُدِرَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ فَلْيُنفِقْ مِمَّا آتَاهُ اللَّهُ لا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلاَّ مَا آتَاهَا سَيَجْعَلُ اللَّهُ بَعْدَ عُسْرٍ يُسْرًا

«Ажырасқан әйелдеріңді мүмкіндіктеріңе қарай өздерің тұратын жайға тұрғызыңдар және оларға қысым көрсетіп, зиян келтірмеңдер. Ал егер жүкті әйелдер болса, оларға босанғанша нәпақа беріңдер. Егер босанғаннан кейін балаларыңды сендер үшін емізетін болса, сүт ақыларын төлеңдер. Ақы мәселесін өзара дін және өздерің өмір сүретін қоғамның шарттарына сай жақсылап келісіп алыңдар. Ал егер біріңе-бірің қиындық туғызып, өзара келісе алмасаңдар, ондай жағдайда баланы әкесінің есебінен емізетін басқа әйел қарастыруға болады.

Байлық иесі (ауқатты адам) өзінің байлығынан нәпақа жұмсасын. Ал кімнің несібесі шектеулі болса, Алланың өзіне бергенінен жұмсасын. Алла ешбір жанға Өзі бергенінен артық нәрсені жүктемейді. Әрі Алла қиындықтан соң, бір жеңілдік нәсіп етеді», – деп айтқан.   

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында: «Әйелдер жайында Алладан қорқыңдар! Олардың ас-суын, киім-кешегін дұрыстап беріңдер», – деген.

Бір күні Һинд бинт Утба ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алла Елшісі! Әбу Суфян өте сараң адам. Маған да, бала-шағасына да жететіндей етіп нәпақа бермейді. Оның дүниесінен айтпай алсақ күнә бола ма?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оның дүниесінен өзіңе және бала-шағаңа жететіндей етіп алуыңа болады», – деп жауап береді (имам Бұхари, имам Мүслим).

Бұл аят пен хадистер ер кісінің отбасына нәпақа беруі уәжіп екендігін көрсетеді. Ер адамның өзінің мұсылман, мұсылман емес, кедей немесе бай жұбайына нәпақа беруі уәжіп. Міндетті нәпақаға мына істер жатады:  

  1. Ас-су, азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  2. Киім-кешекпен қамтамасыз ету;
  3. Үй-жайдың қандай болуы күйеуінің қаржы жағдайына байланысты.

Мұғауия (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Бірде мен: «Уа, Алланың Елшісі! Біздің әрқайсысымызда әйелдеріміздің қандай хақысы бар?» – деп сұрадым. Ол кісі: «Сен өзің тамақ ішсең, оны тамақтандыруың керек, өзің киінсең, оны киіндіруің керек және де сен оны жүзінен ұруыңа, жаман сөздер айтуыңа, үйден тыс жерде одан теріс айналып кетуіңе болмайды», – деп жауап қатты», – дейді (имам Әбу Дәуід).

Ер адам жұмысқа жарамды болса, жұмыс істеп баласын асырауы міндетті, яғни, әкесі оларды нәпақамен қамтамасыз етуі тиіс. Баланың әкесі болмаса немесе әкесі жұмысқа жарамсыз болса, онда баланы асырау әкесінің орнын бас

атын туыстардың біріне жүктеледі.

Дінімізде ер адамның отбасы үшін жұмсаған қаражатының барлығы садақа деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

دِينَارٌ أَنْفَقْته فِي سَبِيلِ اللَّهِ ، وَدِينَارٌ أَنْفَقْته فِي رَقَبَةٍ ، وَدِينَارٌ تَصَدَّقْت بِهِ عَلَى مِسْكِينٍ ، وَدِينَارٌ أَنْفَقْته عَلَى أَهْلِك ، أَعْظَمُهَا أَجْرًا الَّذِي أَنْفَقْته عَلَى أَهْلِك

«Алла жолына динар жұмсасаң, құл (азат) етуге динар жұмсасаң, кедейге садақа ретінде динар жұмсасаң және жанұяңның керегіне динар жұмсасаң, осылардың ішіндегі сауабы ең үлкені – жанұяң үшін жұмсаған динарың», – деген (имам Мүслим).

 

Екінші: Жарымен көркем мәміледе болу

«Достың сәні – қимастық, отбасының сәні – сыйластық», – демекші, кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 187-аятында ерлі-зайыптыларды киімге теңеп:

هُنَّ لِبَاسٌ لَكُمْ وَأَنْتُمْ لِبَاسٌ لَهُنَّ

«Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп айтқан. Алла Тағала ерлі-зайыпты адамдарды киімге теңеуі тегін емес. Себебі, киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жабады, бойына көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыпты адамдар да, біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, бір-бірінің мерейін асыратын көрік бола білуі тиіс.

Кемшіліксіз адам болмайтыны белгілі. Отбасылық өмірде де әйел адам ерінің, ал ер адам әйелінің кемшілігіне барынша кешіріммен қарауы аса маңызды іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 19-аятында:

وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ فَإِنْ كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَى أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا

«Сондай-ақ, олармен (жұбайларыңмен) жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар, (қайдан білесіңдер бәлкім) сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алла көптеген жақсылық жасап қойған болуы мүмкін», – деп айтқан.

Ер адам отбасына қамқор болып, жұбайымен көркем мәміле жасап, дөрекі болмай, жарының кемшіліктеріне сабыр етіп, оны даналықпен тәрбиелеуі тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْرًا ، فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلَعٍ وَإِنَّ أَعْوَجَ مَا فِي الضِّلَعِ أَعْلاهُ ، فَإِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهُ كَسَرْتَهُ وَإِنْ تَرَكْتَهُ لَمْ يَزَلْ أَعْوَجَ ، فَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ

«Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені, әйел (Адам атаның) қабырғасынан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында, егер сен қабырғаны түзеткің келсе, онда оны сындырып аласың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді, сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Ер адамның отбасымен көркем мәміледе болуының көрінісі олармен жақсы қарым-қатынас құруымен ғана шектелмейді. Себебі, ол өзінің отбасын асырауы үшін жұмыс істеу, дүние тіршілігінен бөлек отбасы мүшелеріне де арнайы уақыт бөлуі қажет. Ол уақытта отбасы мүшелерін серуендету, ойнату, қыдырту сияқты істермен айналысу да ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалдары болып табылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

كُلُّ مَا يَلْهُو بِهِ الرَّجُلُ المُسْلِمُ بَاطِلٌ, إِلا رَمْيَهُ بِقَوْسِهِ, وَتَأْدِيبَهُ فَرَسَهُ, وَمُلاعَبَتَهُ أَهْلَهُ, فَإِنَّهُنَّ مِنْ الْحَقِّ

«Мұсылман адам үшін үш нәрседен басқамен көңіл көтерудің барлығы жалған. Ол садағын атуы, атын үйретуі және әйелімен ойнауы. Расында олардың да ақысы бар», – деген (имам Насаи).

 

Қисса

Әкесі дүниеден өтер уақытында ұлын шақырып алып: «Ұлым, мен дүниеден қайтқан соң, жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же», – деп өсиет айтыпты. Әкесі дүниеден өтіп, ұлы оның өсиетін қалай орындаймын деп қанша ой жүгіртсе де, жұмбақ сөздің шешімін таба алмайды. Шешімін таппаған өсиетті қалай орындаймын деп терең ойға шомған әлгі жігіт күн артынан күн өтіп, нәр татпай, сары уайымға салынады. Бір күні жігіт далаға шығып, біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір ақсақал келіп жігітке сәлем береді. Қария жігіттің жанына отырып, одан уайымға салынуының себебін сұрайды. Жігіт: «Менің әкем жақында дүниеден өтіп еді.  Қайтыс болар алдын маған: «Мен дүниеден өткен соң, жұма сайын қыз ал, қала сайын үй сал, ас ішсең, бал же», – деп өсиет қалдырды. Бірақ, шақша басым шарадай болып қанша ойлансам да, бұл сөздердің мәнісін түсіне алмадым», – дейді.  Сонда ақсақал әлгі жігітке: «Әкеңнің қалдырған өсиеті өте мағыналы екен. «Жұма сайын қыз ал», – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің», – дегені. «Қала сайын үй сал», – дегені: «Әр қалаға барғанда, түсетін достарың болсын» дегені еді. «Ас ішсең, бал же», – дегені: «Адал еңбекпен тапқан наның, ішкен асың балдан тәтті болады»,  – дегені ғой», – дейді. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетін сонда ғана түсініпті.

 

Үшінші: Үй шаруасына жәрдемдесу

Ханафи мәзһабы бойынша әйелдің діни тұрғыдан күйеуіне қызмет етуі – уәжіп. Яғни үйді сыпыру, кір жуу, тамақ пісіру т.б. үйдің шаруасына қатысты жұмыстарды істеуі тиіс. Бұл ғасырлар бойы әдет-ғұрып бойынша қалыптасып келе жатқан әйелдің ері алдындағы міндеті. Оған ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әли мен Фатима анамыздың арасына төрелік етіп, түздегі істерді Әлиге тапсырып, үй ішіндегі қызметтерді Фатиманың атқарар шаруасы деп белгілегені дәлел болады.

Сондай-ақ, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сахабалардың әйелдері де үйдің қызметін атқарған. Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыздың мисуагын, дәрет суын әзірлеп қоятынмын», – деген (имам Мүслим).

Әбу Бәкірдің қызы Әсмә: «Үй шаруасының бәрі менің мойнымда еді. Күйеуім Зубәйрдың атына жем беріп, өзім суғаратынмын», – дейді (имам Бұхари).

Алайда, ер кісі де әйеліне шамасы келмейтін істерді жүктемеу керек. Керісінше, шамасы келгенше бос уақытында оған көмектескені дұрыс.   Өйткені үй шаруасы түкке тұрмайтын іс көрінгенімен, кейде осының өзі отбасылық дауға, орасан жанжалға, тіпті ажырасуға да әкеліп жатады. Бұл мәселеге келгенде ер адамның бүкіл жұмысты әйелінің мойнына іліп қойып, өзінің негізгі міндеті тек нәпақа табу деп түсінуі қателік. Үй шаруасына болысу – ер адамның отбасына қамқорлығы және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атқарған сүннет амалы.  Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің үйде не істейтіндігі жайында сұралғанда:

كَانَ يَكُونُ فِي مِهْنَةِ أَهْلِهِ - يَعْنِي خِدْمَةَ أَهْلِهِ - فَإِذَا حَضَرَتِ الصَّلاةُ خَرَجَ إلَى الصَّلاةِ

«Әдетте өз жанұясының қызметінде болатын, ал намаздың уақыты кірген кезде, намазға шығатын», – деп жауап берген.

Сол  үшін үй шаруасына келгенде тек әйел адам ғана емес, ер азаматтың да ондай істерге икемі болғаны жөн.

 

Төртінші: Жұбайының туыстарын сыйлау

Ер азаматтың өз шаңырағының түтінін түтетіп, балаларын дүниеге алып келген жұбайына деген құрметінің бір көрінісі – оның туған-туыстарын сыйлау. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің жұбайларының туыстары мен жақындарына деген құрметі ерекше болатын. Хадис шәріпте: «Хадиша анамыз туыстарымен бірге үйге келгенде, сый-құрмет білдірген. Құрбан шалған сайын Хадиша анамыздың достарына да етінен бөліп тарататын», – деп айтылған (имам Тирмизи).

Кейде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйіне бір қарт әйел келетін. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны ерекше құрметпен күтіп алып, кейуананы Хадиша анамыздың (Алла оған разы болсын) құрбысы деп таныстыратын. Сосын Айша анамызға: «Бұл әйел Хадишаның көзі тірісінде үйге келіп жүретін. Досқа опалы болу – иманның белгісі», – деп, қой сойған сайын Хадишаның жақындарына сыбағаларын беріп жіберетін.

Хазіреті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамыздың әкесі, Әбу Бәкірге (Алла оған разы болсын) деген құрметі мүлде ерекше болатын. Бұның барлығы біздер үшін көркем үлгі-өнеге. Мұсылман адам қайын жұртымен араласып, сыйласып, қуаныштарына ортақтасып, қиын сәттерде жәрдемдесіп, керек жағдайларда әйелін төркіндетіп тұруы да ескерілуі қажет.

Сонымен қатар, ер азамат өзінің жұбайына оның туыстары жөнінде жаман ой, теріс сөз айтпағаны дұрыс. Бұл әйелінің көңіліне тиіп, олардың отбасылық қарым-қатынасының бұзылуына дейін әкелуі мүмкін.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша ер жігіттің үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де ер азамат үшін жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Осылардың әрқайсысына қатысты дәстүрлер, әдеп-инабат, жол-жоралғысы бар. Қайын жұртқа байланысты алғанда, күйеудің қалындығынан жасы үлкендерінің бәріне,  әсіресе ата-ене, ауыл қарттарына, ағалары мен әпкелеріне өте құрметпен, биязы әдептілікпен қарауы, ал кішілеріне ақ жарқын аға, қамқор дос бола білуі – ел салтының ежелгі талабы.

 

Қадірменді жамағат!

Әр отбасында береке мен бірлік орын алуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы міндеттерді орындау ер мен әйелден бірдей талап етіледі. Ер азамат отбасының негізгі жауаптысы әрі тәрбиешісі болғандықтан,  әсіресе отағасы жағынан осындай көркем сипаттар көрініс табуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خِيَارُكُمْ خِيَارُكُمْ لِنِسائِهِمْ

«Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген (имам Тирмизи).

Халқымыз да «Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі», – дейді.

Ендеше, әрқайсымыз отбасымызды аманат деп біліп, оның сүйіспеншілік пен берекеде өмір сүруі үшін өзімізге жүктелген міндеттерімізді аса жауапкершілікпен орындауымыз қажет.

Алла Тағала шаңырақтарымызға береке, отбасы бала-шағаларымызға амандық беріп,  қасиетті жұма күнгі жасаған дұға-тілектерімізді қабыл еткей! 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы АБАЙ ЖӘНЕ ЖҮРЕК ІЛІМІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы АБАЙ ЖӘНЕ ЖҮРЕК ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы МӘЗҺАБ ҰСТАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТЕКТІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ НЕКЕНІҢ БЕРЕКЕТІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы КӨРКЕМ МІНЕЗДІҢ ДӘРЕЖЕСІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ӘУЛИЕ – АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕН ҚҰЛЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Сафар 1446
Миләди
16 тамыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 19:01

Ақшамға дейін 01:47

Глава 3: Переселение в Эфиопию и козни курайшитов

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их близ

Амир Холматов
12 там. 2024

Глава 1: Происхождение Мухаммада ﷺ и его жизнь до начала пророчества

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024

Глава 2: Начало пророчества. Первые мусульмане. Противостояние.

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024

Глава 2: Начало пророчества. Первые мусульмане. Противостояние.

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024

Глава 2: Начало пророчества. Первые мусульмане. Противостояние.

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi