Пандемия кезінде жаназа намазына қатысудың үкімі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 16:25

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Жаңалықтар

Пандемия кезінде жаназа намазына қатысудың үкімі

بسم  الله الرحمن الرحيم

الحمد لله ربّ العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمـد و آله و أصحابه أجمعين

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Пандемия деп – қауіпті індеттің әлемдік ауқымда таралуын айтады. Дәрігерлердің айтуынша, пандемия кезінде әр адам санитарлық гигиена талаптарын қатаң сақтауы тиіс, көпшілік жиналатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартуы қажет.

Ислам – адам баласының өміріне, денсаулығына, сеніміне, отбасына және абыройына аманат ретінде қарайтын дін.

Жаратқан Алла Тағала қасиетті Құранда: 

وَلا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар»[1], – деп ескерткен. Сондықтан әрбір адам баласы өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және қауіп-қатерден сақтануға міндетті.

Мұсылман ғалымдары:

دَفعُ المفَاسِدِ مُقدَّمٌ عَلَى جَلْبِ المصَالِحِ

«Залалды жою – пайда келтіруден бұрын тұрады»[2] деп тұжырымдаған.

Сондықтан жұқпалы ауру тараған кезде азалы жиынға көпшілік болып жиналу еліміздегі санитарлық тәртіпке қайшы. Сол себепті мұндай жағдайда жаназа намазы мен жерлеу істерін марқұмның ең жақын туыстарымен өткізген дұрыс. Өйткені қайтыс болған мұсылманға жаназа намазын оқу – парыз кифая*[3].

Шариғат бойынша жаназа намазын жамағат болып оқу міндет емес, жалғыз имам оқыса да жеткілікті[4]. Алайда жаназаны үш қатар болып оқыған абзал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَا مِنْ مُسْلِمٍ يَمُوتُ فَيُصَلِّي عَلَيْهِ أُمَّةٌ مِنْ الْمُسْلِمِينَ، يَبْلُغُونَ أَنْ يَكُونُوا ثَلَاثَةَ صُفُوفٍ إلَّا غُفِرَ لَهُ

«Үш қатар жамағатпен жаназа намазы оқылған мұсылман мәйіттің күнәсі кешіріледі»[5], – деген. Үш қатар жеті адаммен де құрылады, яғни ең алдында имам, үшеуі бірінші қатарда, екеуі екінші қатарда және біреуі артында тұрады[6].

Сонымен қатар, жаназа намазын арнайы орындарда өткізген дұрыс. Жолда, қоғамдық орындарда жаназа намазын оқу – мәкруһ[7].

ҮКІМ:

Әрбір адам өз өмірі мен денсаулығын сақтауы – парыз. Сондықтан пандемия кезінде жаназа намазы мен жерлеуге қатысты төмендегі шараларды орындауы қажет:

  1. Мәйітті жууды, кебіндеуді, жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізу;
  2. Жаназа намазын жолда, халық көп жиналатын жерде, қоғамдық орындарда өткізбеу;
  3. Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмау;
  4. Зейнет жасындағы кісілерге, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға жаназа намазына қатыспау;
  5. Жаназа намазын ұзағымен 5 минут ішінде өткізу, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтару;
  6. Жаназа намазына, жерлеу ісіне қатысатын адамдар міндетті түрде бетперде тағу, қол алысып амандаспау.

[1] «Бақара» сүресі, 195-аят.

[2] «Әл-бахр әл-мұхит», 7/280.

* Парыз кифая – бір топ адамның арасынан бір немесе бірнеше адам орындаса, парыздық міндеті басқалардың мойнынан түсетін амал.

[3] «Китаб әл-ихтияр», 1/122.

[4] «Фәтәуа Һиндия», 1/223.

[5] Имам Тирмизи риуаят еткен.

[6] «Фәтәуа Татархания», 1/611.

[7] «Фәтәуа Һиндия», 1/226.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы Орталық мешітінде 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді (ФОТО)
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында қаладағы аз қамтылған 100 отбасыға әлеуметтік (азық-түлік, құрбандық еті, т.б.) көмек көрсетілді....
Алматы қалалық мешіттерінде телефон арқылы ақпарат беруге жауапты қызметкерлердің жұмыс кестесі бекітілді
Құрметті мұсылман бауырлар! Елімізде жарияланған карантин режиміне байланысты барлық мешіттер жамағат үшін уақытша жабылғаны белгілі. Осы орайда, діни рәсімдер мен діни сұрақтарға ақпарат алуды бұқара халыққа қолайлы жағадй жасау мақсатында Алматы қалалық орталық мешіті мен аудандық мешіттерінде ү.ж...
Алматы қаласы өкілдігі атынан көпір ел игілігіне берілді (ФОТО)
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласы өкілдігі атынан Алматы облысы, Жамбыл аудандық “Үмбетәлі” елді-мекеніне көлік пен жаяу жүргіншілер өтетін көпір қолданысқа берілді.     ...
Алматы қаласы бойынша «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!» қайырымдылық акциясы аясында 3,5 млн теңгеден астам қаржы жиналды
Бүгін, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, ҚМДБ "Зекет" қоры мен Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастырған «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!» атты қайырымдылық акциясы аясында 3 күн ішінде қайырымды жандар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 3,5 млн теңгеден астам (3,618 274) қаржы...
Алматы қаласы мешіттері Құран Хатым дұғасын жасады (ФОТО)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын. Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгін Алматы Орталық мешіті мен аудандық мешіттерде Құран Хатым дұғасы оқылып, сауабы жұқпалы і...
Алматы қаласы мешіттерінің ОНЛАЙН дәрістер кестесі (ФОТО)
Құрметті мұсылман бауырлар! Алматы қаласы мешіттерінің білікті ұстаздарының дәрістері аптаның алты күнінде «Azan.kz» YOUTUBE каналы мен INSTAGRAMM парақшасында (сағ. 20:00) және қала мешіттерінің FACEBOOK парақшаларында (сағ. 20:50) тікелей эфирде жалғасады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:25

Ақшамға дейін 01:44

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
23 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi