Алматы Орталық мешітінде 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді (ФОТО)
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында қаладағы аз қамтылған 100 отбасыға әлеуметтік (азық-түлік, құрбандық еті, т.б.) көмек көрсетілді.
Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасыға Алматы Орталық мешіті әзірлеген арнайы көліктерде үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.
Ел арасын жұқпалы індет жайлап, карантин режимі енгізілген уақытта қаржылай тұралаған отбысыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек көрсетіп, аталмыш акцияға үлес қосқан барша жомарт жандар мен қайырымды жамағатқа алғыс білдіреміз.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі