Екі дүние сардары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Екі дүние сардары

| A | +

Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», - демекші пенде Жаратушысын шексіз жақсы көруі тиіс. Ал, сол Алла Тағалаға деген махаббаттың баспалдағы пайғамбарға ﷺ деген сүйіспеншіліктен бастау алады. 

 

Бұл ақиқат Құранның «Әли Имран» сүресінің 31-аятында анық баяндалады:

قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ

«(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт. Алла өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді» , - деп келеді.

 

Әнас бин Малик (Алла одан разы болсын) пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілік жайлы мынадай риуаят жеткізген:

لاَ يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى أَكُونَ أَحَبَّ إلَيْهِ مِنْ وَلَدِهِ وَوَالِدِهِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ

«Сендердің ешқайсысың мені бала-шағасынан, ата-анасынан және барша адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл мұсылман бола алмайсыңдар».

 

Имам Муслим кітабындағы нұсқада:

حَتَّى أَكُونَ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِنْ أَهْلِهِ وَمَالِهِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ

«... мені бала-шағасынан, мал-дүниесінен барша адамдардан артық жақсы көрмейінше...», - делінеді.

 

Демек, бұл хадис жоғарыдағы аяттың мән-мағынасын кеңірек әрі ауқымдырақ етіп түсіндіре түседі.

 

Әдетте, адам өзі қадірлеген және құрмет еткен тұлғаның әрбір сөзі мен іс-әрекетін қалт жібермей үлгі тұтары заңдылық. Өйткені, тұлғаны тұлға етіп қалыптастыратын нәрсе – оның елден ерекше парасатты сөзі, ұшқыр ойы мен өткір ақылы һәм ықылас пен шынайылыққа толы ыстық жүрегі. Ендеше, ардақты пайғамбарға ﷺ деген сүйіспеншіліктің белгісі – оның сүннетін өмірлік ұстаным ету. Әрбір сөзін және мінез-құлығын бойға сіңірумен сүннет өмірлік салтқа айналады.

 

Зайд бин Сабиттен (Алла одан разы болсын) жеткен мына бір хадисте:

تَرَكْتُ فِيكُمْ مَا إِنْ تَمَسَّكْتُمْ بِهِ لَنْ تَضِلُّوا بَعْدِي أَبَداً، كِتابُ اللهِ وَسُنَّتِي

«Сендерге бір (құнды) дүние қалдырып барамын. Егер оған берік болсаңдар еш уақытта адаспайсыңдар, ол – Алланың Кітабы және менің сүннетім» , - деп айтылған.

 

Сүннет аспандағы жұлдыз іспетті. Ол әрбір адамға бағыт-бағдар береді. Адасқан мен жөн іздеген адам сол пайғамбар салып кеткен аспандағы жарық жұлдыз бейнесіндегі сүннет арқылы жол табады.

 

Абдулла бин Масғұдтан (Алла одан разы болсын): «Адам өзінің қандай екенін біреуден емес, Құраннан сұрасын. Егер Құранды жақсы көрсе, демек ол Алла Тағаланы және Пайғамбарды ﷺ жақсы көреді», - деген риуаят жеткен. Суфиян Саури (Алла одан разы болсын): «Пайғамбарды жақсы көру – оның жолымен (сүннетімен) жүру», - деген екен.

 

Мінезі Құран еді...

 

Алланың сүйікті құлы болған Мұхаммед Пайғамбар ﷺ ғана барлық жақсы мінездің қожайыны болды. Бұл туралы Құран Кәрімде:

وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ

«Сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің», - деп ризашылық білдірсе, сүйікті жары болған Аиша анамыз «Оның мінезі – Құран еді», - деп сипаттайды . Расында, ол ең сабырлы, ең кішіпейіл, ең мейірімді, ең жомарт, ең батыр, ең кешірімді, ең байсалды, ең жұмсақ, ең әділ, ең шыншыл, ең ұялшақ адам болатын. Үмметіне де соны өсиет етті. Себебі жақсы мінез пендені пейішке жетелейді. Сахаба Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) былай әңгімелейді: «Бірде Алла елшісінен ﷺ адамдарды жәннатқа ең көп кіргізетін қандай амал екені жайлы сұрадым. Сонда Пайғамбар ﷺ: «Алладан қорқу және көркем мінез» , - деп жауап берді.

 

Мінсіз отағасы

 

Мұхаммед пайғамбар ﷺ мінсіз отағасы, әке болудың жолын көрсетіп кетті. Оның жұбайларына үй шаруасында жәрдемдесіп, аяқ киімінің жыртығына дейін өзі жамап кигендігі, қателіктеріне кешіріммен қарап, мейірбандылық пен жұмсақтық танытқандығы мәлім. Ол бала тәрбиесіне де байыппен қарап, оны суықтықпен емес, сүйіспеншілікке бөлеу арқылы көркем мәміле жасады. Тіпті үйге сәлем мен амандық тілеп кіру секілді ұсақ-түйектерге дейін үлкен мән берді.

 

Пайғамбар ﷺ үнемі кеңшілік ету мен кешіре білуге үндеді. Кешірім сұрай білу қасиетінің де үлгісін көрсетіп кетті. Соның ішінде, жұбайларына да жұмсақтық пен көңіл жомарттығын таныта білді. Оған мына оқиғаны мысал етуге болады. Мұсылмандар анасы Сафия бинт Хуяй (Алла одан разы болсын) яһуди қауымы бәну Надир көсемінің қызы болатын. Хайбарда бәну Надирдің қиянаты үшін мұсылмандар олардан жер аударуды талап етті. Міне, осы оқиғаға байланысты Сафия бин Хуяй (Алла одан разы болсын) анамыз: Алла елшісіндей ﷺ көркем мінезді адамды көрмедім. Ол кісі менімен Хайбардан түйеге мінгесіп алды. Түнделетіп жүріп келеміз. Ұйқым келіп басымды ер тоқымның шетіне ұрып аламын. Пайғамбар ﷺ болса: «Абайла, ей, Хуяйқызы, абай бол», - деп, мені қолымен демеп келеді. Саһбаға жетіп келген кезде: «Ей, Сафия, мен сенің қауымыңа істеген әрекетім үшін сенен кешірім сұраймын. Алайда, олар маған осылай, осылай істеді деп қиянаттарын айтты», - деді. Мұсылмандар мен яһудилер арасындағы келісімді бұзған бәну Надирдің өзі. Бірақ, Пайғамбар ﷺ жұбайының көңіліне қаяу түсірмеу үшін үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұрап көңілін марқайтып тастаған еді.

 

Ол – «Садықул-әмин»

 

Шыншылдық – адамның ең әуелі өз ар-намысы мен иманы алдындағы шынайылығы. Құран Кәрімде Тәуба сүресінің 119-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ

«Ей, иман келтіргендер! Алладан (жазасынан сақтанып) қорқыңдар және шын сөзділермен бірге болыңдар» , - деген әмір бар.

 

«Ақиқатында, шыншылдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. Кісі шындық сөз айта жүріп, Алла құзырында шыншыл боп жазылады. Өтірік жамандық пен арсыздыққа, ал жамандық тозаққа алып барады. Кісі өтірік сөз айта берумен, ақыры Алланың құзырында өтірікші боп жазылады», - деген Пайғамбар ﷺ өсиеті адамның барлық ізгі амалы шыншыл сөзден бастау алатынын көрсетеді. Бұл тұрғыда Пайғамбардың ﷺ нақ өзі шыншылдық қасиетті шегіне жеткізіп, оның кемел үлгісін көрсеткен жан. Иман етпеген арабтардың өзі оны ﷺ «садықул-амин», яғни шыншыл һәм аманатшыл деп атаған.

 

Иә, ол – таңдаулы тұлға. Оның есімі жеті қабат көкте де, жер жүзінде де мақтаулы. Ол – Алла Тағаланың адамзатқа жіберген пайғамбарлары мен елшілерінің сұлтаны. Оның адамзат мырзасы және екі дүние сұлтаны екеніне үмбеті иман еткені сияқты әлемдегі ұлық тұлғалар да мұны мойындаған. Шыншылдық қасиетіне де шынайы бағасын берген. Ал, сол мойындаған өзге дін өкілдерінің барлығы мұсылман боп кетпесе де, олардың пайғамбарды ﷺ әлемдік бірегей тарихи тұлға және көшбасшы деп көруі белгілі дәрежеде маңызға ие. Өйткені, адамды өз жақтастарының мойындап, қолдауы заңдылық. Ал енді, одақтасы болмаған, оның жолымен жүрмеген, бірақ әлемдік және тарихи сахнада белгілі дәрежеде беделі бар қайраткерлердің мойындауы – жөні бөлек мәселе.

 

Мәселен, Пайғамбарымыздың ﷺ замандасы әрі руласы болған Әбу Жаһилді алсақ. Ол – Мекке шаһарының шонжары. Араб жазирасында өзіндік саяси және әлеуметтік салмағы бар қайраткер еді. Десе де, ол пайғамбарымызға ﷺ өшпенділік пен дұшпандық көрсеткен саяси салмақты кісі. Пайғамбардың ﷺ соңына ілесуге және оның алып келген бейбіт дінін қабылдаудан үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ, пайғамбарымыздың ﷺ адалдығын, аманатшылдығын және жоғары адам қасиетін мойындаған еді. Бұл оқиға былай болған еді. Әбу Жаһилдің жиені Мисуар бин Махрама: «Уа, Нағашы! Мұхаммед өзінің пайғамбар екенін айтпастан алдын оны жұрт өтірікші деп айыптады ма?», - деп сұрайды. Сонда Әбу Жаһил: «Жиен! Алланың атымен ант етіп айтайын, Мұхаммед біздің ортамызда өсті. Ол ең аманатшыл және ең сенімді Әмин деп аталған жігіт болды. Оның бірауыз өтірік сөз айтқанын естігеніміз жоқ», - дейді. «Нағашы! Олай болса, неге оның соңынан ілеспедіңіздер?», - дейді. Әбу Жаһил: «Ей, жиенім! Біз Бәну Һашиммен мәртебе мен абыройда үнемі тартысып келдік. Олар жұртқа ас-су таратты, біз де қалыспай тамақ тараттық. Олар қажыларға су үлестірді, біз де қажыларға су тараттық. Олар пана сұрап келген адамдарға қорған болды, біз де көмек сұрап келген қорғаушысы жоқтарға пана болдық. Ең соңында олар: «Бізден пайғамбар шықты десті, енді бізден сол сияқты адам қашан шығады дейсің?», - деп мойындамауының басты себебін жеткізеді. Демек, Әбу Жаһил ардақты пайғамбарымыздың ﷺ Жаратушы жіберген елші екенін біліп тұр. Бірақ мойындайын десе, жеті атадан келе жатқан атақ-абырой үшін болған бақталастық жолында жеңілгісі келмей тұр.

 

Бадр шайқасы күні болатын. Ахнас бин Шұрайық Әбу Жаһил екеуі отырып шайқас барысы мен екі жақтың мәселесін талқылап отырған. Осы кезде Ахнас серігіне: «Ей, Әбу Хакам (Әбу Жаһилдің шын есімі)! Мұхаммед шыншыл және айтқан сөзі рас па, әлде жалғаншы ма, айтқандары өтірік пе? Мұнда екеуіміздің сөзімізді естіп отырған Құрайыштан тірі жан жоқ, шыныңды айт», - дейді. Сонда Әбу Жаһил ағынан жарылып: «Алламен ант етемін, Мұхаммед шыншыл. Оның бірауыз сөз өтірік айтқанын ешкім естімеген. Алайда, Құсай әулеті (Құсай – пайғамбарымыздың ﷺ бесінші атасы, өте беделді тұлға болған Құрайыштың туын көтерсе, Кағбаның жабуын жапса, қажыларға су таратса және бұған қоса пайғамбарлық та оларға бұйырса, онда Құрайыштың басқа әулеттеріне не қалмақ?», - деп, бұл мәселеде бақталастық пен атақ-абырой үшін шайқас жүріп жатқанын бүкпей айтқан екен.

 

Әлем мойындаған Мұхаммед ﷺ

 

Ал енді, басқа дәуір өкілдерінің және мұсылман емес тұлғалардың Ислам пайғамбары жайлы ойы мен пікірін тыңдап көрелік. Неміс пәлсапашысы һәм әлеуметтанушы ғалымы Карл Маркс: «Мұхаммед пайғамбар өзінің миссиясы арқылы ғылым мен танымның жаңа ғасырын ашты. Ол – оның сөздері мен өмірлік салтын арнайы ғылыми әдіспен зерттеп еңбек етіп жазуға ең лайықты тұлға. Өйткені, оның өмірлік тәлімдерінің іргетасы иләһи уахиге негізделген. Міне, сондықтан оның алдында өзінен бұрын келген, бірақ уақыт өтумен адамзат қолымен бұрмаланып, өзгеріске ұшыраған уахилерді тұтастай жою міндеті тұрды», - деп ойын қорытындылайды.

 

Майкл Харт (1932-1996жж) американдық физик және астроном Ислам пайғамбары ﷺ жөнінде: «Ақиқатында, Мұхаммед тарих бетіндегі дүниелік және діни қабатта ең жоғары деңгейде және өте биік дәрежеге жеткен жалғыз тұлға. Бұл ешбір теңдесі жоқ дүние мен дінді ұштастырып ұстай білген жалғыз қайраткер. Ол адамзат тарихындағы әлемге тұтастай үлкен ықпал әрі әсер еткен ұлық тұлға», - деген екен.

 

Әлемдік әдебиетте ойып орын алған ирландық жазушы Джордж Бернард Шоуға кезекті шығарма жазуға ұсыныс түседі. Бұл Ислам пайғамбарының бейнесін бұрмалау жөніндегі ұсыныс болатын. «Әдебиет – ардың ісі» демекші, жазушы бұған үзілді-кесілді қарсы болады да біздің пайғамбарымыз ﷺ жайлы былай деп ой қозғайды: «Ислам пайғамбарының өмірбаянын егжей-тегжей оқып шықтым. Ол туралы қайта-қайта оқыдым. Менің түйгенім оның өмірі асқақ мінез-құлықтан құралған. Мұнан кейін Мұхаммедті (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) биік деңгейге қоятын болды. Тіпті, адамзат үлгі тұтуы керек болған әлемдік тұлғалардан биік қоятын болдым», - дейді.

 

Француз жазушысы әрі ақыны Вольтер: «Мұхаммедтің алып келген өмірлік ұстанымдарының (сүннеттері) барлығы да адам нәпсісін тәрбиелеуге және түзетуге бағытталған. Оның заңдарының (шариғатының) көркемдігі мен негізгі қағидаларының қарапайымдылығы Мұхаммед дінін өте тартымды ете түсті. Міне, сондықтан көптеген халықтар ол дінді қабылдады», - деген екен.

 

Алман физик ғалымы Альберт Эйнштейн Әбу Фад есімді палестин азаматымен сұхбат барысында: «Егер сендер бұл ғасырда еврейлермен қарым-қатынастарыңда ең соңғы пайғамбар болған Мұхаммед сияқты мәміле жасай білсеңдер еді. Онда, еврейлердің қолында болған дүниелер сендердің иеліктеріңде болар еді», - дейді. Ғалым өзінің осы әңгімесін төмендегілей жалғастырады: «Менің білуімше, Мұхаммед пайғамбар өзіне және миссиясына қарсы болған адамдарды өзіне бейім ете білді. Ол барша адамдармен қарым-қатынаста өзінің парасаттылығы һәм даналығымен диалог құрды. Міне, сондықтан оның биік адами тұлғасы мен қарапайым әрі бір мезетте жоғары ғылыми ой-санасының алдында қарсы тұруға дәрмені болмады», - дейді.

 

Ағылшын әлеуметтанушы ғалымы Томас Карлейль өркениет тарихындағы көрнекті тұлғалардың өмірбаяндарын ерекше құштарлықпен зерттеген маман. Тіпті, осы зерттеуін еңбек ретінде жариялаған. Оның бұл кітабы «Тұлғалар» деп аталады. Осы еңбегінде арнайы бір тарауды Ислам пайғамбарына арнаған. Ол тарауда пайғамбардың ﷺ өміріндегі маңызды кейбір деректерді жазады. Сонымен бірге, Ислам мен пайғамбарға таңылған негізсіз жала мен айыптарға қарсы жауап жазады. Ғалым бұл кітабында: «Бірнеше ғасыр шөлді мекен еткен бір тайпа болды. Олардың тарих бетінде ешбір орны да болмады. Алайда, араларынан пайғамбар шығып әлемнің назары сол шөл далаға тігілді. Ол аз тайпалар уақыт өте көбейді, байқаусыз тайпалар беделді халыққа айналды. Тіпті, бір ғасыр өтпей-ақ жер бетіне ақыл-парасаты және білім мен ғылым тарататын мемлекетке айналды», - деп жазады.

 

Араб отбасында дүниеге келген, бірақ христиан дінін ұстанған саяси қайраткер Сирия мемлекетінің екі мәрте премьер-министрі қызметін атқарған Фарис әл-Хури: «Әлемнің ең ұлық тұлғасы – Мұхаммед, ал ол алып келген дін барлық діндерден кемел», - деген екен.

 

Британ шығыстанушы ғалымы Джордж Сейль өзінің «Ислам жайлы сөз» еңбегінде: «Шынтуайтында, Мұхаммед Ислам пайғамбары кемел мінез-құлық иесі болды. Ол бойында дұшпандары айтқандай жамандық пен қасиетсіздіктің жұрнағы да болмады», - деп жазады.

 

Оның әрбір ісі қарапайымдылыққа негізделді. Ал, айтқан сөздері үлкен өмірлік ұстаным. Әрбір сүннет астарында өмірдің күрделі мәселелеріне қатысты ең тиімді шешімдер жатты. Ардақты пайғамбарымыз ﷺ қарапайым өмір салтын ұстанды. Шиден тоқылған жұқа төсенішке отырып, құрма мен қара су ішіп, қарапайым киінді. Бірақ, ол патша болды. Өйткені, ол адамдардың жүрегін жаулады. Көңілдерінің төрінен орын алды. Мұсылман жұрты атадан бала оның өнегелерін өсиеті мұра боп жетті. Бүгінгі таңда, оның өмірбаянымен танысқан мұсылман жұртынан басқа халықтар ішіндегі оқырман оның кемеңгерлігі мен парасаттылығы алдында еріксіз бас июде.

 

  Әли Имран сүресі 31 аят.

  Мүслім хадистер жинағы

  Мүслім хадистер жинағы

  Мүслім хадистер жинағы

  Қалам сүресі, 4-аят.

  Мүслім хадистер жинағы

  Тирмизи хадистер жинағы

  Тәубә сүресі, 119 аят.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Құранда аты аталған Бәбісек құсы жайында не білесіз? Ершат Оңғаров: Имам мен молда тұрғанда намазға кім шығады?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Мәртебелі мәуліт айы құтты болсын!
Кеше сейсенбі. Милади 2019 жылдың 29 қазаны. Ал һижри 1441 жылдың рабиғул әууал айының 1-і. Мұсылманша аталатын Рабиғул әууал айының 11-нен 12-не қараған, яғни қарашаның 8-нен 9-на қараған түні хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келген күні. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бе...
Ислам күнтізбесі Дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі
Дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі жайлы жазардан бұрын, алдымен ислам дінінің білімге және ілімді көтеріп жүруші ғалым-ғұламаларға қаншалықты мән бергенін ұғынуымыз қажет....
Ислам күнтізбесі ФОРУМ: ЖІГЕР БЕРГЕН ЖИЫН – Алматы қаласының бас имамы
Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ІІІ республикалық имамдар форумы дін қызметкерлеріне жауапкершілік жүктегенін тілге тиек етті. 
Ислам күнтізбесі Ашура күнінің оразасы жайлы
Azan.kz редакциясынан аңғартпа: биылғы жылы Ашура күні 9 қыркүйекке (дүйсенбі) келіп тұр. Яғни, оразаны 8 және 9 қыркүйекте немесе 9 және 10 қыркүйек күндері ұстау керек. Мұхаррам айы түгелдей қасиетті болып саналса да, оның ішіндегі ең қасиетті күн - 10-шы күні. Ол күн Ашура деп аталады. Қасиетті с...
Ислам күнтізбесі Бас мүфти: ғылымнан асқан ғазиз дүние жоқ
Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:35

Бамдатқа дейін 00:39

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi