ӘДЕТ - ҒҰРЫП
Құлсары
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:29
Кульсары
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Кульсары
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:45 08:08 13:11 16:21 18:06 19:29
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
3 Джумада-авваль 1446
Миләди
04 қараша 2024

Мақалалар

ӘДЕТ - ҒҰРЫП

| A | +

Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салтдәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салтдәстүр көрінісі.

Асылында, біз қарастырып отырған қазақ тіліндегі ғұрып, әдет сөздерінің түп-негізі шариғат терминдері. Мұның өзі халқымыздың шариғатпен сонау ықылым замандардан таныс болғандығын білдіреді. Енді осы сөздердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып анықтамасын айқындап алайық.
Ғұрып. Қазақша «ғұрып» сөзі «العرف әл-ъурф» сөзінен шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді.

«Әл-урф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер».

«Әдет» сөзі арабтың «әл-ъаада» العادةсөзінен шыққан. Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға айналған істер дегенді білдіреді. Әдет және ғұрып сөздерінің мағынасы бір десе болады. Кейбір шариғат кітаптарында «урф» сөзін қолданса, енді біреулері «әдәт» сөзіне басымдық берілген.

«Дәстүр» сөзі де арабша « دستور дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Қазіргі араб тілінде бұл, негізінен, бір елдің конституциясы деген мағынада қолданылады.

Дәстүрдің жалпы және жеке түрлері болады.  Жалпы дегеніміз- бір тұтас мемлекетке немесе бір тұтас ұлтқа, яғни, көпшілік қауымға мәлім салт-дәстүр немесе тыйымдар. Ал, жеке дегеніміз-бір тайпаға немесе шағын қауымдарға ғана тән наным тыйымдар. Ғұрыптар заңға сәйкес келу, келмеуіне  байланысты жарамды немесе жарамсыз әдет-ғұрыптар болып бөлінеді.

Ұлтты діннен бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер қазақ тіліне еніп, төлтумасына айналған ұғымдар мен сөздерді мұның түбі арабтікі, сондықтан түпкі негізіне қайтарып, сол күйінде жазу қажет. Соған басымдық беру керек деп жатады. Бір қарағанда, мұның өзі бір жағынан білімпаздық болып көрінгенмен, әсілінде, Исламды қазақтан алшақтатын тәсіл. Бұрын қазақтың тілі мен дәстүрін әсіресе, одан мүлде бейхабар, мәдениеті басқаша қалыптасқан жандарға үйрету керектігі өзекті болса, қазірде қазаққа бірден-бір жанашыр деген дін ғалымдары мен қызметкерлерінің өзін қазақтың дәстүрі мен тіліне үйрету қажеттігі туындап отыр. Оның екі себебі бар: біріншіден – олардың көпшілігі дінді жеткілікті деңгейде игергенімен, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетінен, тілінен бейхабар болып жататын жағдайы бар; екіншіден – қазақтың мәдениеті мен дәстүрін, тарихын, мемлекеттігін жоққа шығарып жүргендердің негізі өзге елдің мәдениетімен уланғандар болса, қазірде ондай адамдар дін оқығандардың арасында да бой көрсетіп қалуда. Себебі, олардың дені дінді шет елде үйреніп, өмірлік көзқарастары мен ғылыми пікірлері сол жақта қалыптасқандықтан, көп жағдайда өз ұлтының ұлттық болмысы мен мәдениетінен, мол тілдік мұрасы мен әдет-ғұрыптарынан бейхабар қалып жататыны бар. Ал, осы олқылықтың орнын «есесіне, мен дінді жақсы білемін» деген максималистік ой басады. Ал, негізінде, өзінің ұлтына, еліне деген менсінбеушілік, өткеніне өштікпен қарап, болашағына сенбеудің арты жақсылыққа апармайды.

Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақталған қасиеттердің айнасы іспеттес болған наным сенімдер мен әдет-ғұрыптар – бір бүтіннің бірін-бірі толықтырып тұратын екі жартысы секілді. Әдет-ғұрып – халықтың өмір салтына сай әрекет-амалы болса, наным-сенім – халықтың ойлау жүйесін құрайды. Бірақ, наным-сенім елдің тұрмыс-тіршілігін бір ретке келтіретін күш-қуат ретінде әрдайым іс-әрекеттің алдында тұрады. Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт-дәстүрімыз, әдет-ғұрыптарымыз бен наным сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет-ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі

Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден туындады. Пайғамбарымыздың кезеңінен бастап бүгінгі күнімізге дейінгі мұсылмандар Аллаһ елшісінің әрбір сүннетін қалт жібермей, іздестіріп, сұрастырып, Оның әрекеттеріне қарай өздерінің іс-қимылдарын белгілеп отырады. Тіпті, қарапайым деп саналатын әдеттерде де Оның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрекеттерін қайталаған. Мысалы, үйден шыққанда оң аяқпен шығу, малдас құрып отыру, жатқан кезде оң жағына қарап бір қырымен жату, тіпті әжетханаға кірерде сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу секілді амалдардың бәрі сол Пайғамбарымыздың сүннетінен туындап, үмбеттің өмірінде күнделікті тұрмыстың бір ережесі болып қалыптасып қалған. Ұрпақтан-ұрпаққа осы ережелер бұлжытпай беріліп, тіпті осындай қарапайым әрекеттердің өзіне арнайы кітаптар жазылып, «Аллаһ Елшісі жаңа айды көргенде не дейтін еді?», «Аллаһ Расулының киімі», «Аллаһ Расулының сәлемдесуі»  деген сияқты әрқайсысы бір-бір тақырып ретінде кейінгі ұрпаққа өзгеріссіз жеткен. Дүние жүзінде Аллаһқа құлшылығынан бастап, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері, саясаты, әкімшілік басқару істері, тәлімтәрбиесі, әлеуметтік жұмыстары, әскери шаралары секілді әмбебап іс-әрекеттері мен жеке басына қатысты қарапайым амалдарына дейін үлгі ретінде ұсынылып, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әрбір іс әрекетіне дейін қайталанып келе жатқан Мұхаммед пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқа ешқандай жан жоқ. Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата-баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел – көптеген әдет-ғұрыптар мен нанымсенімдеріміздің хадис және сүннеттермен үндесіп жатуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік:

1. Әрбір істің бастауында «Бисмилла» сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: «Бисмиллаһпен басталмаған әрбір істің соңы келте».

2. Тағамды оң қолмен жеу және әркімнің өз алдынан жеуі. Бұл әдет халқымыздың тәрбие шарттарына сіңіп, ұрпақтан-ұрпаққа үйретіліп отырған. Бұл да - Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннеті.

Сахаба Амр ибн. Әби Сәләмә былай дейді: «Бала кезімде Расулаллаһтың бөлмесінде отырған едім. Тамақ жеген кезде қолымды табақтың әр жеріне жүгіртетінмін. Сонда Расулаллаһ маған: «Балам, тамақты «бисмиллаһпен» баста және оң қолыңмен өз алдыңнан ғана же», – деді. Бұдан кейін мен тамақты тек қана солай жейтін болдым.» Осыған байланысты Аллаһ Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тамақ жеген кезде оң қолыңызбен жеңіз, су ішкен кезінде де оң қолмен алып ішіңіз. Себебі, шайтан сол қолымен жеп, сол қолымен ішеді»,- деген хадисі бар.

3. Тамақты және шайді үрлеп ішпеу. Бұл әрекеттің де сүннеттен бастау алғанын: «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тамақты және ішетін нәрселеріңізді үрлеп ішуге тыйым салды».-деген хадистен көреміз.

4. Түнде тағамдардың бетін ашық қалдырмау. Тіпті, халық сенімінде түнде беті ашық қалып кеткен тағамды жеуге болмайды, себебі оған шайтанның аузы тиген деген пікір қалыптасқан. Бұл туралы Хақ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қараңғы түсе бастаған кезде балаларыңызды сыртқа шығармаңыздар. Себебі, сол кезде шайтандар шыға бастайды. Түн болған кезде сыртта жүрген балаларыңызды үйге кіргізіп, «бисмиллаһ» деп есіктеріңізді жабыңыздар. Себебі, шайтандар жабық есіктерден кіре алмайды. «Бисмиллаһ» деп табақтарыңыздың үстін де жабыңыздар. Шырақтарыңызды сөндіріңіздер»,- деген.

5. Тамақтан кейін бата қайыру. Халқымыз «бата» (Құранның бірінші сүресі Фатихадан шыққан) сөзін дұғаның орнына қолданған. Ардақты Пайғамбарымыз да тамақ жеп болған соң үнемі Аллаһқа мадақ айтып, шүкірлігін білдірген.

6. Бата жасағанда екі алақанды жаю. Халқымыз бата қайырғанда екі алақанын жайып бата жасайды. Олар бұл әрекеттерімен өздерінің Аллаһ Елшісінің: «Аллаһқа дұға еткенде алақандарыңды ашып дұға ет, қолыңды теріс қаратып дұға жасама. Дұғаны бітіргенде алақаныңмен бетіңді сипа», - деген сүннетін ұстанғандарын көрсетеді.

7. Батадан кейін «әумин» деу. Пайғамбарымыз: «Адамдар бір жерге жиналғанда біреуі дұға жасап, қалғандары «амин» десе, Аллаһ оларға міндетті түрде жауап береді (дұғаларын қабыл етеді)», - деген.

8. Жатып тамақ жемеу. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мен бір жағыма қисайып жатып тамақ жемеймін»,- деп айтқан хадисі бар.

9. Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: «Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті», - деген өсиетінен туындағаны анық.

10. Ыдысқа құйылған тамақты тауысу. Халқымыз тамағын жартылай тастағандарға «Жаманнан жарты қасық ас артылады» деп ескерту жасап жатады. Ал бұл түсінік Пайғамбарымыздың: «Сендер тамақтың қай жерінде берекет бар екенін біле алмайсыңдар. Олай болса бір бөлшегі жерге түсіп қалса, оны да алып, тазалап жеңдер, қалғанын шайтанға тастамаңдар...», - деген сүннетінен екені мәлім.

Жоғарыда аталған салт-дәстүрлер, наным-сенімдер халқымыздың өміріне етене еніп, ұлттық дәстүрге айналған сүннеттердің бір-бір тамшысы десек артық айтқанымыз емес. Себебі, мұсылман ел болғандықтан  әрбір тыныс-тіршілігінде Құран мен сүннетті негізгі өлшем етіп алған халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан өмір жолында бұл қазына жыл өткен сайын толыға түскен. Адамгершілік қағидалары, қоғамдықәлеуметтік қарым-қатынастары, тіпті күнделікті өміріндегі отырып-тұруы, сөз тыңдап, сөйлеу әдебі, тамақ жеуі, киім киюі т.с.с. қарапайым әрекеттеріне дейін сүннетті негіз етіп алуы – халқымыздың бойындағы мұсылмандықтың шынайы көрінісі. Қазақ ақын-жырауларының, айтыскерлердің өлең жолдарын хадистермен көркемдеп, ой-пікірлерін соның айналасында өрбітуі, мақал-мәтелдердің хадис пен сүннетпен үндесуі, жазба әдебиетте де басты дәлел болып хадистердің ұсынылуы, салт-дәстүр мен әдетғұрыптардың хадис пен сүннеттерден бастау алуы – халқымыздың Аллаһ елшісінің жолымен жүргендігінің бұлтартпас дәлелі болса керек.

 

 

Ақсай мешітінің қызметкері:

Аманқұлов Жеңісхан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АХАТ АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИЮДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ? ҚАЙ УАҚЫТТА ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр АСАР - АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ САЛТ
Діні мен дәстүрін сабақтастырып, әлмисақтан бері мұсылман болған қазақ халқы да өзара жәрдемдесіп, жақсылық жасауда иық тіресіп бірлесе көптеген шараларды атқарған. Олардың бастыларының бірі – асар болып табылады....
Дін мен дәстүр НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын! Алла тағала қазақ еліне, жеріне ырыс-несібесін жаудырсын, ақ мол болсын!
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмір шеңберіндегі әр кезеңінің сан түрлі тәртіптері мен үйлесімді үрдістерден тұратын танымдық мектеп. Әр ұлттың тәрбесі мен дәстүрі сол елдің діни наным-сенімі негізінде қалыптасатын табиғи көрініс....
Дін мен дәстүр БАРШАҢЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Дін мен дәстүр СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ САЛТЫ
Қазақ халқы баланы сүндеттеуді - ислам дінін қабылдағаннан кейінгі салтына сіңірген дәстүрдің бірі болып табылады. Халқымыз баланы сүндетке тақ жасында отырғызған. Үш жаста, бес, жеті, тоғыз, одан кеш дегенде он үш жасында сүндеттеген. Дегенмен, он үш жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені, баршамызға...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
3 Джумада-авваль 1446
Миләди
04 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:29

Бамдатқа дейін 04:28

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi