МЕШІТ ӘДЕБІ
Қандыағаш
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 08:27
Қандыағаш
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Қандыағаш
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:58 08:27 13:02 15:39 17:25 18:55
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

МЕШІТ ӘДЕБІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық жасалатын, мұсылманның жүрегінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. «Мешіт» сөзі араб тілінде «мәсжидун» – сәждеге бас қоятын орын деген мағынаны білдіреді. Себебі біз намаз оқығанда маңдайымызды сәждеге қойып, Алла Тағалаға бас иеміз.

Мешіттің ұлылығы мен маңыздылығын, жер бетінде алғаш тұрғызылған үй мешіт болғандығынан көруімізге болады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 96-аятында:

إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِّلْعَالَمِينَ

«Негізінен адам баласы үшін меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) – бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол», – деп айтқан.

Мешіт аса құрметті орын болғандықтан ол «Алланың үйі» деп аталған. Бұқар жырау бабамыз:

Хақтың үйі Мешітте,

Аққа Құдай кешімді.

Арамзаның қулығы

Таппайды еш кесімді.

Алла жақтаған зар болмас,

Хақтың жолы тар болмас

Тар пейілді кеңімес,

Кең пейілді кемімес.

Илаһим Халел жасаған

Тәңірім үйі Кебені, – деп айтқан сөздерінде үлкен мән-мағына бар.

Мешіт тек құлшылық орны емес. Ол білімнің, мәдениеттің, тәрбиенің орны. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі дін жауларының қыспағын көріп, Мәдина қаласына көшіп барысымен ең бірінші болып істеген ісі мешіт салу болатын. Міне, бұл да мешіттің мұсылмандар үшін қаншалықты үлкен маңызға ие екендігін көрсетеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

أَحَبُّ الْبِلاَدِ إِلَى اللهِ مَسَاجِدُهَا

«Алланың жер бетiндегі ең жақсы көретiн орны – мешiттері», – деген (имам Ибн Хиббан). 

Мұсылман адам мешітті ерекше құрметтеп, Алла үйіне келгенде арнайы әдеп  сақтауы қажет. Асыл дінімізде мешітке қатысты мынадай әдеп түрлері бар:

 

Бірінші: Мешітке жәрдемші болу

Әрбір мұсылман Алла үйін құрметтеп, оған жәрдемші болуға тырысуы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 18-аятында:

إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللَّهِ مَنْ آَمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآَخِرِ وَأَقَامَ الصَّلَاةَ وَآَتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلَّا اللَّهَ فَعَسَى أُولَئِكَ أَنْ يَكُونُوا مِنَ الْمُهْتَدِينَ

«Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солар тура жолдан таймай, мұраттарына жетуге үміт ете алады», – деп айтқан.

Аталмыш аяттағы «кісі тұрғызады» (يَعْمُرُ) сөзіне қатысты ғалымдар түрлі көзқарас білдірген. Бірі бұл сөзді: «мешітте болу, мүмкіндігінше мешітте көп уақыт өткізу» дегенді білдіретінін айтса, енді бір көзқараста мешіттің ғимаратын тұрғызу, оны жөндеу, мұсылмандарға қызмет етіп тұруына жағдай жасау екендігі айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ بَنَى مَسْجِدًا بَنَى اللَّهُ لَهُ مِثْلَهُ فِي الْجَنَّةِ

«Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

 

Қисса

Тамим әд-Дари (Алла оған разы болсын) Шам шаһарынан Мәдина қаласына шырақ, зәйтүн майын және мақта алып келеді. Мәдинаға кіргендерінде жұманың кеші болатын. Тамим өзінің Әбу Базад атты қызметкеріне шыраққа май құйып, мешіт ішіне іліп қоюды тапсырады. Кешкісін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке келсе, іші жап-жарық. «Мұны кім істеді?» – деп сұрайды. Жиналған жұрт: «Тамим әд-Дари», – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Исламды нұрландырдың, Алла сені бұл дүниеде және ақыретте нұрландырсын», – деп батасын беріпті.

 

Екінші: Мешітке тазаланып бару

Мешіт имандылықтың, тазалықтың орны. Ол жерге келуші адам да дәретті болуына, киімінің таза болуына мән беруі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ағраф» сүресі, 31-аятында:

يَا بَنِي آدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ

«Уа, адам балалары! Әрбір (намаз оқитын) құлшылық орнында әшекейленіңдер (әдемі киімдеріңді киіңдер) – деп айтқан.

Адам баласы бір құрметті кісімен кездесуге баратын болса, онда мүмкіндігінше әдеміленіп, алдын ала дайындық жасайды. Сол секілді мұсылмандар парыздарын өтеу үшін Алланың үйіне жиналып, алдын ала дайындық жасап, тазаланып, әдемі киімдерін киіп, жұпар иіс сеуіп баруы дұрыс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ تَطَهَّرَ فِي بَيْتِهِ ثُمَّ مَشَى إِلَى بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ لِيَقْضِيَ فَرِيضَةً مِنْ فَرَائِضِ اللَّهِ ، كَانَتْ خُطُواتُهُ إِحْدَاهُمَا تَحُطُّ خَطِيئَةً ، وَالأُخْرَى تَرْفَعُ دَرَجَةً

«Кімде-кім үйінен дәретін толық алып, кейін (адамдармен бірге немесе жамағатпен бірге) мешітке парыз етілген намазды оқу үшін шықса, бір қадамы күнәсін кешірсе, екінші қадамы дәрежесін өсіреді», – деген (имам Мүслим).

Сарымсақ не пияз сияқты басқа да иісі жағымсыз заттарды жеген адам тазаланбай, сол күйде мешітке баруы жөн емес. Бұл мешіттегі адамдарға және періштелерге зиян тигізетіні жайында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ أَكَلَ الْبَصَلَ وَالثُّومَ وَالْكُرَّاثَ فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ تَتَأَذَّى مِمَّا يَتَأَذَّى مِنْهُ بَنُو آدَمَ

«Кім сарымсақ, жуа, пияз жеген болса, біздің мешіттерге жақындамасын. Өйткені адамдарға тиген қолайсыздық періштелерге де тиеді», – деген (имам Мүслим).

Ғалымдар сарымсақ пен пиязға қияс жасай отырып, мешітке баратын адам басқа мұсылмандарға жағымсыздық туғызатын денеден не киімнен шығатын барлық сасық иісті заттардан тазаланып бару қажеттігін айтқан. Кімнің денесінен, киімінен, жағымсыз иіс шығып тұрған болса, оны әбден тазаламайынша, мешітке баруына тыйым салынады.

Тағы бір ескере кететін жайт мешітке денесіне тырысып тұратын, ашық-шашық киіммен келуге болмайды. Ер адамдардың өзі қазіргі күнде шалбарының ауы, жейдесі тым қысқа болғандықтан, сәждеге барғанда денесі көрініп, белі ашылып қалып жатады. Ал намаздың шарттарының бірі – әурет жердің жабық болуы. Мешітке келетін кісі осы жайттарды да ескеруі қажет.

 

Үшінші: Мешітке ерте бару

Мешітке намаз уақытынан ерте бару Алла Тағалаға деген махаббаттың, шынайы ықыластың көрінісі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِى النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الأَوَّلِ ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلاَّ أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لاَسْتَهَمُوا عَلَيْهِ ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِى التَّهْجِيرِ لاَسْتَبَقُوا إِلَيْهِ

«Егер адам азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрудың қадірін білсе, азан шақырып, бірінші сапқа тұру үшін садақтың оғымен жере таратқаннан басқа жол таппаса, әлбетте оны істер еді. Егер олар намазға бірінші болып келгеннің сауабын білетін болса, оған келуге жарысатын еді!» – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Мешітке ерте бару дегенді Алла үйіне жүгіріп, асығыс бару деп түсінуге болмайды. Мешіт әдебіне сай адам баласы мешітке барарда үйінен ерте шығып, асықпай, байыптылықпен баруы қажет. Бұл оның намаз барысында лайықты деңгейде ықылас танытуына себепші болады. Ал асығып-үсігіп, жүгіріп келу адамның намаз үстінде ентігіп, ойының шашырауына әкеп соғады. Намаз үстінде ентігіп тұру арқылы ол басқалардың да ойын бұзуы мүмкін. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз басталып кеткен жағдайда да мешітке қарай жүгіруге тыйым салған. Әбу Қатада өзінің әкесінен мынадай хадисті жеткізген:

بيْنَما نَحْنُ نُصَلِّي مَعَ النبيِّ صَلَّى اللهُ عليه وسَلَّمَ إذْ سَمِعَ جَلَبَةَ رِجَالٍ، فَلَمَّا صَلَّى قَالَ: مَا شَأْنُكُمْ؟ قَالُوا: اسْتَعْجَلْنَا إِلَى الصَّلَاةِ؟ قَالَ: فَلَا تَفْعَلُوا إِذَا أتَيْتُمُ الصَّلَاةَ فَعَلَيْكُمْ بِالسَّكِينَةِ، فَمَا أدْرَكْتُمْ فَصَلُّوا وَمَا فَاتَكُمْ فَأَتِمُّوا

«Бірде біз Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге намаз оқып жатқанымызда, бір кісілердің асығыс келген аяқтарының дауыстары естілді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазын бітіргеннен кейін олардан: «Сендерге не болды?» – деп сұрады. Олар: «Біз намазға асыққан едік», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Енді олай істемеңдер.  Егер намазға келген болсаңдар асығып, аптықпаңдар. Намаздан үлгерген ракағаттарыңда оқып, ал үлгермеген ракағаттарыңды толықтырып бітіріңдер», – деді» (имам Бұхари, Мүслим).

 

Төртінші: Мешітке оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу

Мешіт құрметті орын болғандықтан, ол жерге оң аяқпен кіру құрмет танытқандық болып саналады. Ал шыққанда сол аяқпен шығу керек. Әнас (Алла оған разы болсын):

مِنَ السُّنَّةِ إِذَا دَخَلْتَ الْمَسْجِدَ أَنْ تَبْدَأَ بِرِجْلِكَ الْيُمْنَى ، وَإِذَا خَرَجْتَ أَنْ تَبْدَأَ بِرِجْلِكَ الْيُسْرَى

«Мешітке кіргенде оң аяғыңмен кіруің, шыққанда сол аяғыңмен шығуың – сүннет іс», – деген.

Сондай-ақ мешітке кіргенде және шыққанда оқылатын арнайы дұға бар. Мешіт мұсылманның жиі баратын орны болғандықтан ол дұғаны жаттап алған дұрыс. Бұл турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِذَا دَخَلَ أَحَدُكُمُ الْمَسْجِدَ فَلْيَقُلِ : اللَّهُمَّ افْتَحْ لِي أَبْوَابَ رَحْمَتِكَ  وَإِذَا خَرَجَ ، فَلْيَقُلِ : اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ

«Егер біреулерің мешітке кіретін болсаңдар: «Уа, Алла, мен үшін мейіріміңнің есігін аша гөр!» – деп айтсын. Ал шығар кезде: «Уа, Алла, мен сенің кеңшілігіңді сұраймын!» – десін».

Мешітке кіргеннен кейін отырмастан бұрын (мәкрүһ уақыттан және жұма хұтпасы айтылып жатқан уақыттан тыс) екі рәкағат сәлем намазы оқылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِذَا دَخَلَ أَحَدُكُمُ الْمَسْجِدَ فَلا يَجْلِسْ حَتَّى يُصَلِّيَ رَكْعَتَيْنِ

«Сендерден біреу мешітке кірсе, екі рәкат оқымайынша, бірден отырмасын», – деген. 

 

Бесінші: Мешітте дауыс көтеріп сөйлемеу

Мешіт құлшылық жасалынатын орын болғандықтан ол жерде өзгелердің құлшылығына кедергі келтірмес үшін дауыс көтеріп сөйлеуге тыйым салынады. Саид ибн Язид (Алла оған разы болсын):

كُنْتُ قَائِمًا فِي الْمَسْجِدِ فَحَصَبَنِي رَجُلٌ فَنَظَرْتُ فَإِذَا عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ فَقَالَ اذْهَبْ فَأْتِنِي بِهَذَيْنِ فَجِئْتُهُ بِهِمَا قَالَ مَنْ أَنْتُمَا أَوْ مِنْ أَيْنَ أَنْتُمَا قَالَا مِنْ أَهْلِ الطَّائِفِ قَالَ لَوْ كُنْتُمَا مِنْ أَهْلِ الْبَلَدِ لَأَوْجَعْتُكُمَا تَرْفَعَانِ أَصْوَاتَكُمَا فِي مَسْجِدِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ

«Мешітте тұрғанымда бір кісі маған қарай тас лақтырды. Бұрылып, қарап едім, Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) екен. Ол маған: «Маған анау екі кісіні шақырып келші», – деді. Мен ол екі кісіні шақырып келдім. (Хазіреті Омар) олардан: «Кімсіңдер?» немесе «Қайдан боласыңдар?» – деп сұрады. (Олар) «Тайфтан боламыз», – деді. Сонда Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Егер сендер біздің қаламыздан болғандарыңда Алла Елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін ұрып ескерту жасайтын едім», – деді» (имам Бұхари).

Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «...ұрып ескерту жасайтын едім», – деу арқылы мұсылман адамға Алла үйі мешітте дауыс көтеріп сөйлемеуге мұқият болуы керектігін білдірген.

Құлшылық орнына келген әрбір адам ол жерде Құран оқып, зікір айтып, дұға етіп, нәпіл құлшылықтар жасауы қажет. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَحَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ

«Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы адамдардың ішінде еске алады», – деген (Мүслим).

Алайда, аса қажет болған жағдайда мешітте рұқсат етілген дүние сөздерімен сөйлесу күнә емес. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де, оның сахабалары да мешітте дүние істері жайында әңгімелесетін еді. Сәммағ Ибн Харб Жабир Ибн Самраға (Алла оларға разы болсын): «Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге отыратын едің ба?» – деп сұрақ қояды. Ол былай деп еске алады: «Иә, Пайғамбар көбіне таң намазын оқыған соң, орнынан күн шыққанша қозғалмайтын еді. Күн шыққанда орнынан көтерілетін әрі сахабалар сол кездерде бір-бірімен әңгімелесетін. Исламға дейінгі болған істерді еске алып күлісетін. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да естіп күлімсірейтін еді» (имам Мүслим).

Бірақ мешітте рұқсат етілген дүние істерімен әңгімелескен кезде мына нәрселерді естен шығармау керек:

  1. Айналасындағы адамдарды мазаламау;
  2. Мешітте дүние істерімен әңгімелесуді әдетке айналдырмау;
  3. Әңгіме барысында өтірік, ғайбат, өсек және т.б. харам етілген күнәлі сөздер мен істерге кіріспеу;
  4. Ұзақ әңгіме айтпау;
  5. Мешітте қатты дауыс көтермеу;
  6. Сауда-саттық сөздерін айтпау.

 

Қадірменді жамағат!

Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі оның Алла Тағалаға деген құрметін білдіреді. Осыны ескерген әрбір мұсылман мешітті бар ынтасымен жақсы көріп, құрметтеп, ол жерге барғанда мешіт әдебін сақтауы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ بُيُوتَ اللهِ فِي الأَرْضِ الْمَسَاجِدُ وَإِنَّ حَقًّا عَلَى اللهِ أَنْ يُكْرِمَ الزَّائِرَ

«Ақиқатында Алла Тағаланың жер бетіндегі үйлері – мешіттер. Ал Алланың (ақысы) міндеті Өз үйін зиярат етіп келген пендесін құрметтеп жіберу», – деген (имам Табарани).

Аталмыш хадистен мынадай ғибрат алуымыз керек:

  1. Мешітке келуші адам Алла Тағаланың қонағы саналады;
  2. Мешітті зиярат етуші ол жерді қадірлеп, құрметтегені үшін ақыретте құрметке бөленушілерден болады.

 

Алла Тағала қасиетті Құрбан айтта шалған құрбандықтарымызды қабыл етіп, қасиетті жұманы мүбәрак етіп, айттан айтқа амандықта жетуімізді нәсіп еткей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ ЖОЛАУШЫҒА ҚҰРБАН ШАЛУ МІНДЕТТІ МЕ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы «ӨЗ-ӨЗДЕРІҢДІ ӨЛТІРМЕҢДЕР»
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ЗИНАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТТЕРІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ТАҒДЫРҒА РАЗЫЛЫҚ ТАНЫТУ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 08:27

Бесінге дейін 02:05

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi