Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #15
Көкпекті ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 04:31

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:59 04:31 11:35 16:23 18:29 20:00
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Сафар 1446
Миләди
25 тамыз 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #15

| A | +

ОН БЕСІНШІ СӨЗ

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к…н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

Абай Құнанбайұлы

ОН БЕСІНШІ ӨЛЕҢ

Арманның бәрі бірдей алтын дер кім?

Дүние – итіңнің де артын көрдім.

Ақылды кісі менен ақылсыздың,

Айтарлық белгілі бір парқын көрдім.

Қанағат жақсылыққа жеткізеді,

Қаскөйлік қорлық, азап шеккізеді.

Қызығып орынды іске есті кісі,

Өмірін өкінішсіз өткізеді.

Жастықта жар-құзыңа қарамайды,

Баянсыз, бағасызды жағалайды.

Кеткен соң мойын қатып, буын бекіп,

Қылуға қайрат, талап жарамайды.

Байламы ессіздіктің шолақ екен,

Құмарлық әлсіздердің қонағы екен.

Дүние жетер-жетпес боп жүргенде

Бір түрлі мастық пайда болады екен.

Жібітіп ақыл, сана мұз-денені,

Үмітін дұрыс Хақтан үзбегені.

Естінің есі шықпай сондай сәтте,

Ақылдың бойыменен ізденеді.

Жүніндей жалбырамай жабағының,

Ісіне әрекет ет саналының.

Егер де естілерден болғың келсе,

Өзіңнен өзің есеп ала білгін!

Әлібек Шегебай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ: Интернет арқылы пәтуа сұраушылар саны көбейді Ғазиз ЖУСИПОВ. Тақуалық сипаты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #13
Өздері білмесе де білгенді арбар, Кекетіп бірін-бірі күлгендер бар. «Құдайдың кешпес сірә күнәсі жоқ», – дегенді қуат көріп жүргендер бар!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #12
Байқасаң, тақуаны серт қорғайды, Өйткені көңіліне кек қонбайды. Жаны ашып ықыласын күзетпесе, Салғырттың иманы бар деп болмайды!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #11
Көрген соң осыншама сұрқияны, Кезесің қиялыңмен бір қияны. Тіліне бұзақының еретұғын, Байлардың азғындығын кім тыяды?!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #10
Жүргенде айыра алмай ақ, қараны, Азды күн шалқаяды, шаттанады. «Маған да баяғыда мал біткен» деп, Түскенде кедейлікке мақтанады!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #9
Күй кешіп қараңғыға қамалғандай, Барады қайрат кеміп, шамам қалмай. Тегінде, алдыңғыға тілеу тілеп, Өлсек қой арттағыға алаң болмай!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #8
Есебі құлын беріп, тайдан алмақ, Бар ойы әлсіздерді пайдаланбақ. Аналар анадай боп тұрғаннан соң, Қой жүнді қоңыршылар қайда бармақ?!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Сафар 1446
Миләди
25 тамыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 04:31

Бесінге дейін 01:16

23. Способы борьбы с нафсом

Allahu Akbar!

Darkhan Zhursin
19 там. 2024

18. Предсмертный миг

МашааАллах

Darkhan Zhursin
17 там. 2024

Глава 3: Переселение в Эфиопию и козни курайшитов

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их близ

Амир Холматов
12 там. 2024

Глава 1: Происхождение Мухаммада ﷺ и его жизнь до начала пророчества

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024

Глава 2: Начало пророчества. Первые мусульмане. Противостояние.

Да благословит и вознаградит Аллаh(عز وجل) всех кто распространяет благие полезные знания, и их бли

Амир Холматов
10 там. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi