Ханафилерді неге Матуридилер деп атайды?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:52

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:17 04:44 11:52 16:50 18:56 20:23
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Шавваль 1445
Миләди
30 сәуір 2024

Мақалалар

Ханафилерді неге Матуридилер деп атайды?

| A | +

«Әбу Ханифа фиқһпен қатар, ақида саласында да имам. Ал олай болса ханафилер неге Әбу Ханифаның көзқарастарын емес, матуридилікті ұстанады?» деген мәселеге қысқаша тоқтала кетейік. 

Әбу Ханифаның кезеңінде ақида өзі дербес ғылым саласы ретінде әлі қалыптаспаған болатын. Ол кезде фиқһтың ішіне ақидамен қатар ахлаққа қатысты мәселелер де кіретін. Ал дәстүрлі сунниттік ақида ілімін жүйелеп-дамытқан имам Әшғари мен имам Матуриди. 

Негізінен «Фиқһ» (шариғат) пен «Ақида» екі бөлек пәндер. «Фиқһ» мұсылманның Алла Тағалаға жасайтын құлшылықтары туралы қағидаларды, ал «Ақида» иман негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. 

Имам Әбу Ханифа бастапқыда «Ақида» саласында кітап жазғанымен, ол өте ықшамды түрде болатын. Ол көбіне «фиқһ» ілімімен айналысты. Ал имам Матуриди иман негіздеріне (ақидаға) қатысты мәселелерді имам Ағзамның жолымен жүре отырып, аят-хадистерді қолданумен қатар, ақыл-ойға да мән беретін өзгешерек, «кәлам» әдісін қолдану арқылы жүйелеген. Самарқанда әрі сол аймақтағы ағымдар мен бағыттарға қарсы пікірталастарында кәлам әдісін қолдану арқылы үлкен жетістікке жеткен. 

Міне, сондықтан, ақида саласында матуридилікті ұстанамыз. Матуридиліктің өзі Әбу Ханифаның көзқарастарының негізінде қалыптасқандықтан мәзһабы ханафилік деп аталып кеткен. Яғни оның жолы ханафиліктен бөлек емес, қайта оның жалғасы. Бірақ жоғарыда да атап өткеніміздей, имам Матуриди – заман талабына қарай исламды бұра тартпақ болған ағымдардың жаңсақ пікірлерінің мұсылмандар арасында таралуын тізгіндеу мақсатында, дәстүрлі сунниттік көзқарастың шеңберінен шықпай қажырлы еңбек етіп, жүздеген шәкірт тәрбиелеп, Орта Азияда ханафиліктің дамуына үлкен үлес қосқан ғұлама. 

Имам Ағзамның шығармаларында Алла Тағаланың сипаттары, иман ақиқаттары, Алла Тағаланы ақылмен немесе нақылмен (аят және хадистер) тану керектігі, жақсылық пен жамандықтың жаратылуы, тағдыр және өзге де сенім мәселелері қарастырылған. Сол дәуірдегі Ирак шариғат ғалымдарының көшбасшысы болған имам Ағзамның бұл шығармалардағы көзқарастарын имам Матуридидің сенімдік тұрғыдағы көзқарастарымен салыстырып көрер болсақ, бірізділік пен біртектілікті аңғару қиын емес. Осы себептен де, зерттеушілер екі ғұламаны бір-бірінен ажыратып жатпайды. 

Имам Әбу Ханифа «Ақиданың» негіздерін айтып кетсе, Имам Матуриди сол негіздерді кеңінен тарқатып, егежей-тегжейіне дейін түсіндірген.

Ханафи мазһабының үлкен ғалымдарының бірі Захид әл-Кәусари «Ишаратул-Мәрам» атты төлтумасының кіріспесінде былай дейді: «Мауараннаһр өлкесі бидғат пен бұзықтықтан ұзақ, тыныш ел еді. Сүннетті берік ұстанып, оның үкімдерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Ендігігі жерде имам, ғалым Әбу Мансур әл-Матуриди шығып, әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, олардың ара-жігін ажыратып, айқын дәлелдермен шегелеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді. 

Матуридидің шығармаларына қарап кәлам, фиқһ методологиясы және тәпсір саласы бойынша қалам тербеген беделді ғалым екенін байқауға болады. Ақида саласындағы ұстаздарының тізбегі Имам Ағзам Әбу Ханифаға барып тіреледі. Имам Матуриди имам Ағзамның кітаптарын ұстаздары Әбу Насыр Ахмад ибн Аббас әл-Бәйади, Ахмад ибн Исқақ әл-Жүрджани және Насыр ибн Йахия әл-Балхилердің көмегімен үйренгендігі, ал олардың Әбу Сүлеймен Мұса әл-Жүрджаниден дәріс алғандығы, әл-Жүрджани болса, бұл ілімді ұстазы Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбаниден алғандығы тарихи шығармаларда айтылған. Ол Әбу Ханифаның ақидаға байланысты шығармаларын оқып, өз көзқарасын оның пайымдаулары шеңберінде негіздеген. Осыған орай, Матуридиге Әбу Ханифаның ізбасары деп баға беріліп, мәзһабы ханафи деп аталады. 

Алау ӘДІЛБАЕВ,

Теология ғылымдарының PhD докторы

Предыдущий Следующий
Деструктивті діни ұйымның жеке тұлғаға психологиялық ықпал ету әдістері Төрәлі ҚЫДЫР: Алтын Орда – дәстүрлі дініміздің діңгегі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ақида Сынықтар хикметі
Ахмад ибн Ханбал Бақи ибн Мухалладты ауырып жатқанында зиярат еткен еді. Сонда Ахмад: «Ей, Абдуррахман, Алланың сауабымен қуант! Сау күндерде ауру, ал ауру болған күндеріңде саулық жоқ», – деді....
Ақида Мәтуриди ақида мектебіне шолу
Ислам діни сенім негіздері көбіне адам ақылының шегінен тыс дүниелерді қамтыған. Бұл маселелердің ақиқатына жетуге адам баласының ақылы мен ой-өрісі қауқарсыз. Біздің міндетіміз Құран Кәрім мен сахих хадистерде айтылған сенім негіздерін жүрекпен мақұлдап, қабыл ету. Құранда бұл жайында: “Бұл Кітап ш...
Ақида Ақида ілімі – Матуриди және Әшғари мектептері
Ислам дінінде сенім жүйесін «Ақида», ал осы салаға қатысты мәселелерді зерттейтін ғылымды «калам» дейді. «Ақида» – дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесін меңзейді. Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алла тағала...
Ақида Алланың зати һәм субути сипаттары
Алла тағаланың 14 сипаты бар. Бұлардың алтауы “зати”, сегізі “су-бути” сипаттар деп аталады.
Ақида Әбу Ханифа әуелі ақида ілімімен айналысып, кейін онымен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?
Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып, ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп тоқтамға келгендігі айтылады[1]. Имам Зәхәби бұл риуаяттардың ...
Ақида Қазақтардың шынайы ақидасы
Соңғы уақытта сайтымызда жарияланған сәләфизм ағымының мәнін бүге-шігесіне дейін ашатын мақалалардан кейін солардың арасындағы кейбір «данышпандар» матуриди ақидасын экстремистік деп көрсетіп, оған деген сенімге селкеу түсіруге бел буған тәрізді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Шавваль 1445
Миләди
30 сәуір 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:52

Екінтіге дейін 03:36

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi