ТЕРІС ИДЕОЛОГИЯНЫ ТАРИХИ САНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ
Келес ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:35
Келес ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Келес ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:39 05:10 12:35 17:43 19:55 21:25
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Мухаррам 1446
Миләди
23 шілде 2024

Мақалалар

ТЕРІС ИДЕОЛОГИЯНЫ ТАРИХИ САНА АУЫЗДЫҚТАЙДЫ

| A | +

Қазіргі күні жалпақ әлемдегі діни-саяси ахуалдың тұрақты емес екені, оған түрлі саяси-экономикалық астыртын күштердің әсер етіп отырғаны туралы баршамыз білеміз. Таяу Шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың ел ішінде ылаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккені жайлы да естіп жатамыз. Жалпы теріс идеологияны тежеуші күш болып саналатын «тарихи сана», «тарихи жад», «ұлттық код» ұғымдарына тоқталып көрмекпіз.

Жасыратыны жоқ, кейбір теріс көзқарастардың өскелең ұрпақтың санасына сынамалап еніп отырғаны, соның кесірінен азаматтарымыздың әлі де болса жалған ағымдардың жетегінде жүргені белгілі жағдай. Теолог мамандардың пікірінше, бүгінгі ел арасында радикалды іс-әрекеттерге итермелеп отырған деструктивті ағым ұстанушыларының «идеялық тартымдылығы» тоқтар емес. Мұның соңы діни дүрдараздыққа итермелеуі әбден мүмкін.

Діни экстремизмге қарсы күрес мекемелері жыл сайын өз тәсілдерін жақсартып, заман ағымына орай өзгерткенімен, теріс идеядағы азаматтардың саналарына интернет құралдарының ықпалы азаймауда. Елдегі діни экстремизммен күресте шет елдік теріс ағым жолындағы ұстаздың діни түсінігіне, өзге шет елдегі басқа бір ұстаздың түсінігімен жауап беру орын алған. Бұл түптеп келгенде ұлттық мүддені түгендемейді. Бұл радикалды ағымдармен күрестегі мамандардың да рухани жаңғыруы қажеттігін туындатады.

Жас ұрпақтың санасында ата-бабаларынан сіңген ұлттық жады бар. Біз соны қозғай білуіміз қажет. Бүгінгі ел арасына ылаң салып бүлдірген жат идеологиялардың негізі сырттан таңылғандықтан, оған қарсы күш ұлттық болмыс екенін ұғынуымыз керек. Мәуләнә Румидің: «Сыртыңа қарағанда ішіңді тазарт. Сыртың – халықтың, ал ішің – Хақтың назарында тұр» деген сөзін діндарлар мен діншілдерге түсіндіру жұмысымызда ту етіп алуымыз қажет деп санаймын.  Сонымен қатар, теріс ағым жолындағы азаматтарға тарихи сананы алға тарта отырып, данышпан Абай айтқан «жүрек ілімін» дұрыс қолдана білуіміз керек. Батыс философтарының айтуы бойынша батыс пен шығыс өркениеттер қақтығысын жүрек ілімі (бір құдіреттің бар екеніне бас ұра отырып, адам баласын сүюге бағытталған ұстаным) ғана жұмсарта алады екен. Біз осыны дұрыс түсіндіріп, дұрыс мағынада көрсете білсек, теріс түсініктегі азаматтардың идеялық тартымдылық кеңістігін алмастыра алар едік.

Жат ағым ұстанушыларымен күресте қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып мемлекеттің мұрагері екенін саналарына сіңіріп отыру маңызды. Мынау ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр атыраптың иесі саналатын елімізге деген мақтаныш сезімдері мен ұлттық құндылықтарға деген оң көзқарасын қалыптастыруымыз шарт. Сонда ғана өзге дәстүр мен өзге мәдениетке еліктемейтін болады.

Тағы бір назар аударарлық жәйт: деструктивті ағым ұстанушыларының ойлау жүйесінде Ислам діні мен ұлттық бастаулар арасында идеялық қақтығыс бар. Сондықтан да ақпараттық насихат пен түсіндіру жұмыстары кезінде  антиэкстремистік идеологияның тек діни процесс есебінде қалып қоймағаны абзал деп пайымдаймын.

Дүниеге сәл-пәл көз тастап көрелік. Мұқым мұсылман елдерінде (Малайзия, Түркия) Ислам мен ұлттық патриотизм сезімін ұштастыра біледі. Ал бізде керісінше Ислам діні мен ұлттық бастауларымыздың арасында қақтығыс жиі туындап отырады. Жоғарыда сипаттағанымыздай, адамның санасында тарихи жадыны, сананы қайтадан жаңғырту керек. Бұл жады атадан балаға беріліп, адамның сана сандығында сақталып тұрады.

Біздің таным-түсінімігімізде кейбір комплексті жағдайлар берік орнығып қалған. Айталық, «оң-солы қалыптаспаған, дінге ат үсті келіп адасып жүрген адамның басқа адамдармен бір пікірге келуі неғайбыл» деген орнықсыз түсініктер бар. Бұл қате пікір. Себебі, бүгінгі деструктивті ағым ұстанушысының ата-бабасы о басынан бері теріс ағымда болмағаны ақиқат қой?! Оның бар қателігі – діни фундаменті дұрыс бекімеген және жеткілікті деңгейде білім алмағандықтан болып отыр. Ал егер ол азаматтар дінді тиісті орындардан, мешітттер мен имамдардан оқып үйренген болса, онда олқылықтардың орны баяғыда-ақ түгенделер еді. Демек, саналық жадыдағы берік орнамаған теріс түсінікті оң көзқарасқа ауыстыру және қоғамға бейімдеу әбден мүмкін деген сөз. Адамның арғы жағындағы жадысын жаңғыртсақ ғана, бергі жағындағы теріс ақпарат жуылып, шайылып кетпек.

Сол себепті де өзіміздің ұлттық жобамыз – тарихи сана арқылы оларға қарсы тұрып, жоғымызды түгендей алмақпыз. Қорыта келе, айтар ойымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жат ағымдағылармен күресте оларға тарихи санамыздың тереңдігі арқылы, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптамыздың тамаша мысалдары арқылы төтеп бере аламыз» деген сөзімен түйіндемекпіз. Расында да ұлттың ұлағаты мен ұрпақ санасында жаңғыруын қамтамасыз ететін «тарихи сана» ұғымы қай халықтың болмасын дамуы мен жандануында ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыны таным көкжиегімізге берік орнықтырайық, құрметті оқырман қауым!

 Абишев Қуаныш 
Алматы 
Орталық мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ ҚЫРЫҚ ҚАСИЕТІ БАР ДҰҒА

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЕҢБЕК ЕТ, ЕРІНБЕ
Мақаламызды «Әрекет түбі берекет» деген мақалмен бастауды жөн көрдім. Өйткені мақал қарапайым үш сөзден  тұрса да, өмірдің мәнін қамтитын мағынасы бар. Ия, адам баласы дініне ұлтына қарамай егер аянбай еңбек етер болса әрине ол еңбектің қарымын міндетті түрде көреді. Өйткені Алла Тағаланың қойған Ил...
Қоғам ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
Құран Кәрімде айтқандай әрбір нәрсе адам баласы үшін жаратылып оның әміріне берілгендей, адам үшін өз еңбегінен артық еш нәрсе жоқ. Осылайша біздерге Алла Тағала еңбек етуді бұйыруда. Бірақ та осы аятта айтылғандай дүние үшін еңбек ету, ақырет үшін еңбек ету немесе екуі үшін де еңбек ету мағынасы ба...
Қоғам ИМАМДАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Иә, қате оқыған жоқсыз. Расында да имамдар жұмыс істемейді. Әсіресе, мен танитын имамдар. Неге екенін айтпас бұрын, сәл шегініс жасайын.
Қоғам «ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған намазда және дұғада «әмин» (деп айту) нәсіп болды, бұл менен бұрын Мұсадан басқа ешкімге нәсіп болмаған, Мұса дұға қылғанда, Һарун «әмин» деп тұратын. Сондықтан дұғаны әминмен аяқтаңдар. Өйткені Алла сендерден мұны қабыл етеді», – деп өси...
Қоғам Кешірімділік – ізгіліктің белгісі
Мақтау - Алла Тағалаға ғана лайықты! Оның салауаты мен сәлемі хақ Пайғамбары Мұхаммедке және отбасына болсын.  Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: " ( Мұхаммед) кешірім жолын ұста, туралықты әмір ет, надандардан бет бұр". (Ағраф сүресі 199-аят)....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Мухаррам 1446
Миләди
23 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:35

Екінтіге дейін 04:17

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi