ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

| A | +

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Жәннат әйелдерінің ханшайымы болуға ризасың ба?» деген айтқаны бар. Осылайша, қызына беріп жатқан тәлім-тәрбиенің сырын түсіндіргендей еді. Әкесінің өнегелі тәрбиесін бойына сіңіріп өскен Фатима анамыз күйеуі Әлиге адал жар, қос батыр Хасан мен Хусейінді тәрбиелеп өсірген ардақты ана болған.

Муслим хадис кітабында, сахаба Әнас (р.а.) жеткізген мынадай риуаят бар. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Кімде-кім екі қызға бойжеткенше қамқорлық етсе, қиямет күні ол адам және мен бірге боламыз» деген. Хадистегі екі қыз – кісінің қыздары немесе әпке-қарындастары болуы мүмкін. Ал, қамқорлық – материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие беруді қамтиды. Осы тақырып аясында бірқатар хадистер бар. Аталмыш риуаяттарда бір қызға болсын жақсы тәрбие беру ауыр да сындарлы шақ саналатын қияметте пайғамбар жанында тұру шарапаты бұйыратындығы айтылады. Әз-пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұндай үлкен мәртебені неліктен уәде етуде? Неге ұл перзент тәрбиелеген әкеге осындай сауаппен сүйіншілемеуде? Міне, бұл қыз тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін аңғартса керек. Қыз баласы табиғатынан нәзік әрі қамқорлыққа мұқтаж. Қызды қызыл-жасыл көйлек кидіріп қою жеткіліксіз. Нәзік гүлді баптаған сияқты ұзақ та табанды тәрбие керек. Қазақтың қыз тәрбиесіне қатысты өзіндік ерекшелікке ие. Бұл ұлттық тәрбие мектебі «Қызға қырық үйден тию» деп аталады. Аталмыш ережелер жиынтығы күнімізде маңыздылығын жоғалтпаған өнеге.

Бүгінгі таңда, қызға барлық дүниені үйретудеміз. Ағылшын тілінен бастап, би билеуді де, математиканы да. Заман талабына сай білімнің барлығын үйретуге тырысып бағудамыз. Бірақ, ұлттық құндылық бойына сіңбесе, жағдай қиын болмақ. Ғұламалар ер азамат бойында ұяттың болуы жақсы, ал әйелде ұят қасиетінің болуы өте жақсы деген. Ұлттық тәрбие – ұят және ибалық негізіне құрылады. Бүгінде, ұятқа қарсы әрекеттер жасалуда. Ұятты әрекетті ұят деп айту кері кету деген ұғым қалыптастыру арқылы жас буын санасын улау байқалады. Әке – қызын тәрбиелейді, ал қыз болашақ ана. Ал ана ұлт тәрбиешісі. М.Әуезов: «ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп айтқандай.

Бүгінгі қыз, ертеңгі ана. Әке-шеше ретінде мойнымызда үлкен жауапкершілік барын ұмытпайық. Қызымыздың бойына ата-баба діні мен дәстүріндегі құндылықтарды сіңіріп өсіру басты міндетіміз. Өйткені, ұлттық рухсыз адам бос кеуде. Қанша білім алса да еліне, жеріне бүйірі бұрмайды. Діні бөлек, ұлты бөлек еркектің етегінен ұстаған қара көз қазақ қыздарын білімсіз деп айта алмаймын. Ағылшынша сайрап тұр. Ешбір мұсылман ұлты қызын өзге дін өкіліне тұрмысқа бермейді. Қыз – әкенің ар-намысы.

Әбу Ханифа әкесінің оқиғасын білмейтін адам кемде кем. Қисса арықта ағып келе жатқан қызыл алмадан басталады. Жігіт судағы алманы тосып алып, бір тістейді. Артынан сұраусыз жеуге болмайды деп арықты жағалап алма баудың етегіне келеді. Қолында тістелген алмасы бар Сәбит бау иесі қариядан ақысын адал етуін өтінеді. Көреген ақсақал тістелген алманың ақысы үш жыл еңбек ету деп кеседі. Сәбит бұған көніп, табандай үш жыл тер төгеді. Уәделескен уақыт жеткенде, қария соңғы шартын айтады. Аяқ-қолы сал, құлағы естімейтін, көзі көрмейтін және мылқау қызына үйленуін талап етеді. Бұл өте ауыр шарт еді. Жігіт еріксіз рұқсатсыз жеген алманың жазасын тартуға көнеді. Үйге кіргенде айдай ару қыз отырған еді. Жігіт қыздың әкесіне үйде сал қыз емес мүлде басқа бойжеткен отыр дегенде, қария мән-жайды түсіндіріп: Ол бойжеткен – менің қызым. Аяқ-қолы сал дегенім ешбір жаман жерге бармаған. Қызымды құлағы жаман сөз естімейтін, көзі жаманды көрмейтін, тілі ғайбат-өсек айтпайтын етіп тәрбиеледім, деген екен. Қызды жылдар бойы оқытып, бірақ тәрбиесіне көз жұмып қарау әкенің қызына жасаған ең ауыр қиянаты деп есептеймін.

Көне кітаптарда әке мен қызы туралы ой саларлық бір әңгіме баяндалады. Қыз ес білгелі әке шаңырағында өнеге көріп өседі. Әкесі қызының бойына бар ізгілікті сіңіреді. Әлі ойын баласы кезінде көршінің қызымен ойнауға барады. Әкесі мұнысын жақтырмайтын. Себебі, көрші төңірекке жаман аты шыққан кісі еді. Қызы: әке мен ол қызбен тек ойнаймын. Ол сияқты өтірік сөйлемеймін. Сіздің әр кез шыншыл бол деген сөзіңіз жадымда,-деп ақталады. Бұған әкесі жарайды деп: қора жанындағы көмір тасты алып келуді сұрайды. Әкесіне көмір тасты ұсынғанда: Қызым, қолыңа қарашы! Көмірдің күйесі қолыңа жұғып қалыпты. Міне, осылайша жаман жолдастың жүріс-тұрысы адам бойына жұғады» деп өмірлік тәлім береді. Қызымызға қалай сөйлеуді және қалай киінуді үйретуден бастап, көпшілік орында өзін ұстауға дейін тәлім беру ата-аналық парызымыз. Ұят – ер азаматтың бойында болса жақсы, ал қыз баласында ұят болса өте жақсы деп жазылған дін кітаптарында. Өйткені, ер жігіттің оғаш әрекеті ерсі көрінгенімен, қыздың титтей ұятты қылығы сияқты сынға ұшырамайды. Ал, ғұламалар: «діні (тәлім-тәрбиесі) жоқтың, ұяты да жоқ» деген нақыл сөзі көпті аңғартады.

 

Дереккөз:

Игілік журналы. Республикалық жанұялық басылым №05 (196) мамыр 2022ж.

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

Предыдущий Следующий
ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам ТАРИХЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙ, ОДАН САБАҚ АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Өткен күндердің еншісіндегі сұрапыл соғыстар, қуғын-сүргіндер, жеңіске жеткен һәм жеңіліске ұшыраған сәттер, бәрін де ескеруіміз керек. Себебі ол – біздің тарихымыз. Әлихан Бөкейхан «Бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген болатын. Сондықтан біз өткен...
Қоғам ЖАЛПЫҒА ЖҮКТЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам ТЕМЕКІНІҢ ХАРАМДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӘЛЕЛДЕР
Темекінің харамдығына байланысты мынандай дәлелдер келтіруге болады: 1. Құранда: «(Мұхаммед пайғамбар) Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді...» - делінген. Демек, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген дінінде адамға зиянды бар...
Қоғам ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», – деп биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 00:02

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
23 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi