ЖАНЫМ - АРЫМНЫҢ САДАҒАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖАНЫМ - АРЫМНЫҢ САДАҒАСЫ

| A | +

Дуалы аузына уәлі сөз қонақтаған халқымызда «Жарлы болсаң да, арлы бол» яки «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген тамаша ғибратты сөздер бар. Осы бір сөздің өзінен-ақ асыл текті ата-бабаларымыз үшін ар мен ибаның, намыс пен ұяттың қандай құрметті де қастерлі болғанын аңғарамыз.

Шариғат тілінде де тағылымы мол  ұғымдардың бірі саналатын «Ұят» сөзіне тоқталып көрелік. Қазақта:  «Өлімнен ұят күшті»  деген даналық  бар. Арлы адам үшін ұяттың орны бөлек. Қарттарымыз: «Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым»  дейді. Мұның барлығы неліктен бұлай делінеді дейсіз ғой?! Өйткені «қазақ» деген қайсар ұлт ұятты Ұлы Жаратушының пенде баласына сыйлаған ең асыл қасиеттерінің біріне балайды және ардың құнын аласартып алғысы келмейді. Біздің көрегендігіміз бен даналығымыздың кереметтілігі де міне осында жатыр. Барлығы шариғат үкімдерімен тамаша үйлесім тапқан. Қарапайым ғана тәпсірлейтін болсақ, ұят дегеніміз – адамның мінез-құлқымен сыйыспайтын, қабыспайтын жағымсыз әдеттер мен істерден адам баласын аулақ  ұстауға, жақсылық жасауға итермелейтін бойымыздағы асыл бір қасиет. 

Ұят – иман тармағының бір арнасы, ислами мінез-құлықтың бір көрінісі. Кімде-кімнің тұла бойында ұят болған болса, ол пенденің ислам жолын ұстануының көркемдігін, дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Ұят – Алла тағаланың жер бетіне ақиқатты жеткізіп, үлгі болу үшін жіберілген Пайғамбарларына тән қасиет. Саңлақ сахаба Әбу Сайд әл Худридің айтуы бойынша «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бойындағы ұят, перденің артында отырған бойжеткеннің ұятынан да асып түсетін. "Егер Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұятты бір істі көрер болса, оның жүзіне қарап ұялғанын білетін едік" дейді. Пайғамбарымыздың ақиқат жолын өз өмірлеріне ту еткен Алланың салихалы құлдарының да өз ерекшеліктері бар болып табылады. Ұяттың болуы, яки болмауы – адамның шынайы табиғатын көрсететін белгі іспеттес. Ұят адамның иманын құнды етіп, жүріс-тұрысына өң беретін жақсы сипат. Кісі бір іс-әрекеттен тұла бойы қысылып, орынсыз істен жүзі қызғылт түске боялып жатса,  демек, тегі таза һәм болмысы пәк.

Ұят – жақсылықтың ұрығы. Жамандықтың тамырын түбегейлі жоятын да осы қасиет. Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте:

إِنَّ لِكُلِّ دِينٍ خُلُقًا، وَخُلُقُ الْإِسْلاَمِ الْحَيَاءُ

«Расында, әрбір діннің өзіне тән мінезі бар. Исламның мінезі ұяңдық (ұят)»[1] деп дінімізде ұяттың маңыздылығын атап көрсетіп кеткен.

إنَّ الْحَيَاءَ وَالْإِيمَانَ قُرَنَاءُ جَمِيعاً، فَإِذَا رُفِعَ أَحَدُهُمَا رُفِعَ الْآخَرُ.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:  «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер  ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді»[2],  деп ұяттан ажыраған кісінің иманнан қол үзетінін жеткізген.

Ақиқатында, ар-намыстың аяққа тапталуы – абырой әкелмейді. Ер азамат үшін бұл тіптен масқара. Халық арасындағы «Ерді намыс өлтіреді» деген мақал бекер айтылмаса керек-ті. Ал әйелдің ең құрметті және құнды қасиеті – ар-ибасының тазалығы. Әсіресе қыз бала және әйел адам ар тазалығына аса жауапты қарауы керек. «Әйелден ар кетсе, ұлт жойылады» деп халқымыз ежелден ар тазалығына аса маңыз берген.

Ар-намысын аласартпаған адам ел ішінде зор құрметке ие болары анық. Адам болудың бір шарты – «ұят» деген ұғымды қастерлеуге саяды. Ұлы Абай атамыз өзінің отыз алтыншы қара сөзінде: «Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық», - деп ар-ұят туралы ерекше айтып өткен. Ар-ұяттың салмағын адамның парасат өлшемі екендігін Абай атамыз кең көлемде талдаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өз сөзінде:

Арсыз арам, асығыс айлакерлік,

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ, - деп арсыздарды шайтанның досына теңеген.

Ар мен ұят, намыс туралы асыл дініміз Исламда құнды ғибраттар мол. Ислам ең алдымен ар мен намысты, ұятты барынша жоғары қоятын адамгершілік діні. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шарифінде: "Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ" деген. Бұл сөз қазақтың «ұят кімде болса, иман сонда» деген ұлағатты сөзімен ұштасып жатыр. Сондықтан ар мен намыс атаулыны нәпсі мен қу құлқыннан әркез биік қойып, ұяттың ұлағатын ұрпағымыздың сана сандығына сіңдіре білейік! Ерлеріміз ез болмай, қыздарымыз қылықты болып күн кеше берсін!

Ибрагимов Алиасқар Омарұлы

"Фатима" мешітінің найб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЕКІ ДҮНИЕ СӘРУАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК МҮБАРАК МӘУЛІТ АЙЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар ҚАЙРАТТЫ ҚАРТТЫҚ ҚҰПИЯСЫ
Әдетте, қарттық келумен бойдан күш-қуат таяды. Көз жанардың да қуаты қашады. Аяқ-қолдан да әл кетеді. Таңертең сау жүріп, кешке маза қаша бастайды. Бұл да – өмірдің заңы. Ең жаманы есін білмей, ақылын жоғалтып алу шығар....
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #35
Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын тапп...
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #34
Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жар...
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #33
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады....
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #32
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #31
Уайымсыз салғырттық пен күлкішілдік, Қайғыру, құмарлану бұл бір сұмдық. Білгенге бұл төртеуі күллі ақыл мен Ғылымды тоздыратын қу тіршілік!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:41

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi