Соңғы он күнге 10 кеңес
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Соңғы он күнге 10 кеңес

| A | +

Рамазанның тәттілігін сезініп, оның жақсылығын теңдей етіп он бір айға бөліп тастап, әр айда берекеге кенелуді кім қаламасын? Дегенмен, бұл мүмкін бе? Иә! Алла жомарт! Алайда келесі айда оразаны ұмытпай, құлшылықты азайтпас үшін осы айда мол азық жинап қалуымыз қажет. Таңда сәресін ішкізіп, кешке ауызашарды асыға күткізген берекелі айдың да бітуіне аз қалды, бірақ дәл сол аз күндер сіздің тағдырыңыздағы өзгерістер баспалдағы болуы ықтимал.

Жәннатқа жақын құл боламыз ба әлде, баяғы жартас, сол жартас демекші, бұрынғы әдетімізге қайта басамыз ба, жоқ әлде, рухани азық алуды жалғастырамыз ба? Рамазан айының соңғы он күнінде барынша сауапқа қол жеткізіп, сол күндердің берекесін жыл бойы сақтап қалудың бірнеше жолдарын айтып өтпекпіз.

Сүйікті сериалды – ӨШІРУ

Бәлкім, Рамазан айының басында-ақ көгілдір экраннан бас тартуды жоспарлаған боларсыз. Егер ол жоспарыңызда болмаса, онда Рамазан айының соңғы он күні теледидар пультін алыстау жерге қойып қоюдың ең тиімді кезі.

Ғаламторды да – ӨШІРУ

Қасиетті айдың 21 күні келгенше бар уақытымызды ғаламтор парақшаларында құры жіберген болсақ, нағыз қылмыс жасаған боламыз. Егер ғаламтордан бас тарта алмайтын болсаңыз, модеміңіз, тіпті ұялы телефоныңыз да пульттің жанынан орын тепсін.

Бас қосуларды – ҚЫСҚАРТУ

Рамазан айының соңғы күндері оңашалануды талап етеді. Таңнан кешке дейін мешітте отырып құлшылық жасауға әркімнің жағдай келе бермесі айдан анық. Алайда әрқайсымыз бос сөзден, талас-тартыстан, ауызашардан басталып бірнеше сағаттарға созылған кездесулерден, таңға дейін әңгіме-дүкен құрып отырудан тиылуға ерік-жігеріміз жетеді. Рамазан айының соңғы он күні он түрлі алтын жамбы іспетті. Ендеше, бір шыны шәй үшін алтын жамбыдан айырылып қалмайық.

Құлшылықты – АРТТЫРУ

Рамазан айының аяғында көпшілігіміз шаршаңқырап қаламыз. Бәлкім, бұл әлсіздікке себеп болған режимнің бұзылуы мен аштық сезімдері болар. Қалай болғанда да, біздің ықыласымыз әлсірейді, бірақ оған жол беруге болмайды. Рамазан айының 20- түні тарауық намазын оқыған жанға берілер сыйлықты естеріңізге салайық па? Жоқ, әлде 29-түнгі сауапты айтайық па? Есіңізге алар болсаңыз, қалай жайнамаз үстінде тұрғаныңызды аңғармай қаларсыз.

Үй шаруасын – ЖЕҢІЛДЕТУ

Бұл айдың соңғы күндеріндегі ең тиімсіз тірлік – үйіңізге тазалық жасау, яғни бір қолыңызбен төбені әктеп, бір жақтан кілем жуу. Негізінде, үйдің ауасын жаңартып, үйге мерекелік атмосфераны Рамазан айы кірмес бұрын жасауға тиіспіз. Егер дәл уақытында жасап үлгермей қалған болсаңыз, барынша жеңілін таңдаңыз: айт күнінің алдында үйді тазалап, мерекелік әшекейлер іліп қойыңыз.

Дүкенде кезекте – ТҰРМАУ

Айт күндері отбасымызды, жақындарымызды қуантуға асыққанды жақсы көреміз. Алайда, сыйлық аламын деп асыра сілтеудің қажеті шамалы. Ораза айты – бұл әдемі сыйлық беруден жарыс күні емес, қуанышты бөлісу, махаббатты жеткізудің бір жолы, мүмкіндігі. Берекелі дастархан, кішігірім естелік сыйлықтар, жайлы атмосфера меркені сезінуге таптырмас құрал болмақ.  

Ысырап жасаудан– БАС ТАРТУ  

Мұсылман әйелдерге беретін тағы бір маңызды кеңес. Айт күніне екі-үш күн қалғанда, тіпті бір апта қалғанда азық-түлік тізімін жасауды бастаймыз. Бұл жақсы. Дегенмен, ең бастысы аспаздық шабытымыз шегінен шығып кетпеуін қадағалаған жөн.

Кешірім – СҰРАУ

Енді, жан дүниеміз жайлы сөз қозғайық. Рамазан бойы кешірім сұрауым керек, туыстармен қарым-қатынасты жақсарту керек, отбасылық өміріме жылулықты қайтаруым керек деп ойлап жүрген боларсыз. Қасиетті айдың соңғы он күні осы ойлардың жүзеге асуына таптырмайтын сәт. Ата-анаңыздан, жолдасыңыздан, аға-бауыр, таныстарыңыздан, Жаратушыдан кешірім сұраңыз. Өзіңіз де сізді ашық әрі жасырын түрде ренжіткен жандар болса, кешіріңіз.

Мақсаттарды – ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Рамазан айының басында алдыңызға мақсат қойғаныңыз белгілі: Құран оқуды бастау, нәпіл намаздар оқу, уәдеге берік болу, күнде ата-анаңызға хабарласу, т.б.

Егер Рамазан айында мақсатыңызға жетудің қадамын жасамаған болсаңыз, қасиетті айдың берекеті бізді тастап кетпей тұрып, соңғы он күнінде бастаңыз. Бір қадам жасар болсаңыз, Хақ Тағала мәреге жетуге жәрдем береді.

Дұға – ТІЛЕУ

Ең соңғы күнге дейін, сағатқа, тіпті минутқа дейін Алла Тағаладан жүрегімізді мазалаған уайымымызды жеңілдет деп, Өзіне апарар жолды көрсетуін, күнәмізді кешіріп, жақындарымызды жәннатпен сүйіншілеуін сұрауға тиіспіз.

Алла Тағала келесі Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Рамазанның соңғы түндері Нәпсі тәрбиесі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж Олар ораза жайлы не жазды?
Бүгін оразаның оныншы күні... Оразаның қадір-қасиеті, мейір-шарапаты жайлы имам-ұстаздар жақсылап БАҚ бетінде жазып та, мешіт мінберінен айтып та жатыр. Аллаға шүкір, ораза жайлы маңызды мәліметтер жетерлік. Әсіресе Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай ораза ұстағ...
Мәнһәж Рамазан айына 10 кеңес
Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және басқа да жамағат намаздары уақытша тоқтатылды. Осы орайда Рамазан айын тиімді пайдаланып, сауаппен өткізуге байланысты он кеңесті назарларыңызға ұсынып отырмыз.   ...
Мәнһәж Ұлық айды қалай қарсы аламыз?
Ақиқатында Рамазан айы – берекеге толы, мүмкіншілік айы. Әрбір мұсылман үшін Жаратушысына жақындататын ізгі амалдарды істеу арқылы мұсылманның Раббысының мейіріміне үміт ететін ай. Барлық жамандық атаулыдан тиылып, өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндік алатын ай....
Мәнһәж Е.ШОҚАЙ: «Бізді сабыр, мейірім және ғибадат құтқарады...»
Коронавирус пандемиясы – Алла Тағаланың сынағы. Яғни, Алла Тағала сынақ жіберу арқылы адамзат баласына ақиқат құндылықтарын еске салып отырады. Өйткені, Ол бізді жақсы көргендіктен, қылмыстан, түрлі күнәлардан тыйылып, тура жолмен жүргенімізді қалайды. Осы және өзге де тақырыптарды Алматы қаласының ...
Мәнһәж Ғылымды талап қылу – құлшылық
Мұсылман баласының ізгі ниет қылып жасаған әрбір амалы сауаптан жазылатыны мәлім. Ал енді ғылымды Алла үшін талап ету құлшылықтың нақ өзі. Себебі әрбір амалдың сауабы ниетіне сәйкес жазылады. Мүміндердің әмірі, Омар ибн Хаттабтан (Алла оған разы болсын) келген мәшһүр риуаятта: «Шын мәнінде, амалдар ...
Қоғам Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»
Хaлқымыздың caн ғacырдaн берi рухaни құндылығы caнaлып келген Иcлaм дiнiн нacихaттaудa имaмдaрдың еңбегi oрacaн. Ocы oрaйдa, Қaзaқcтaн Мұcылмaндaры дiни бacқaрмacының Aппaрaт бacшыcы, PhD дoктoрaнт Ғылымбек Жәдiгерұлы Мәжиевпен cұхбaттacқaн едiк.  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi