ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

| A | +

Алла қаласа, 28 маусымда Құрбан айт мерекесі басталады. Мұсылмандардың екі ұлық мерекесінің бірі – Құрбан айт күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болсын, хазірет! Құрбан айтты мұсылмандар қалай атап өтуі керек? Сұхбатымызды айт күнінің мән-маңызын ашудан бастасақ.

– Сіздерді де келе жатқан Құрбан айт мерекесі мен құттықтаймын. 19 маусымда Зұлхижжа айы кірді. Мұсылмандар Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде жақсы амалдар жасап, барынша ғибадатпен өткізгені жақсы. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы күндері орындалған игі істердің сауабы еселенетінін айтқан болатын.

Биыл Арапа күні 27 маусымға, Құрбан айт күндері 28-30 маусымға тура келіп тұр. Арапа күні қажыларымыз Арафа жазығына барып, күнұзақ Алла Тағаладан дұға тілейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қажылық дегеніміз – Арапа. Кімде-кім Арапаға үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деген. Арапа күні Арафа жазығын да дұға тілеу – қажылықтың негізгі шарты. Яғни, қажыларымыз үшін бұл күні Арафада тұру – шариғат шарты.

Ал қажылыққа бармаған адам Арапа күні нәпіл ораза ұстағаны абзал. Арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келер жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген. Демек, кімде-кім Арапа күні ораза ұстаса, өткен және келер жылдағы кіші күнәлары кешіріледі. Арапа – Алла Тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күнінің бірі. Сондықтан бұл күні нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілесе, сауабы мол болады.

Ал 28 маусымда Құрбан айт мерекесі басталады. Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет. Себебі Алла Тағала қасиетті Құранда бізге: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Құрбан айт – мейірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, кәңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлап, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, қуанышқа бөлеуі керек. Құрбан айттың мақсаты да осы – құрбан шалып, оның етін өзгелермен бөлісу арқылы адамдарға мейірім көрсетіп, жылу сыйлау. Аллаға шүкір, бабаларымыздан мирас болған осы дәстүр, ізгі амал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Біздің ата-бабаларымыз шариғат шарттарын қатаң сақтап, Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алған. Сондықтан ұлық мейрамда біз де шариғат бекіткен шеңберден шықпай, адамдарға жақсылық жасап, сауапты істермен өткізгеніміз дұрыс.

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жақында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Бұл жобаның тиімділігі неде?

– Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде біз құрбан шалудың онлайн жүйесін іске қостық. Пандемиядан кейін де осы жүйенің тиімді екенін айтып, өтініш білдіргендер болды. Сөйтіп, былтыр азаматтарымызға оңтайлы болу үшін құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайтты іске қостық. Бұл жоба өз тиімділігін кәрсетті. Сондықтан биыл да құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосып отырмыз. Құрбандықты қашықтан шалғысы келетін азаматтар осы сайт арқылы құрбандық малын таңдап, құрбан шалуына болады. Бұл жоба, әсіресе, үлкен қалаларда тұратын жамағатқа тиімді. Қой мен ешкіні – жеке адам, ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Жоба жайлы толық мәліметті qurban2023.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ арнайы дайындалған бейненұсқаулықта жобаға қалай тапсырыс беруге болатыны көрсетілген.

– Құрбан шалуды нақты кімдер атқарады? Qurban2023.kz сайтының жұмысын кімдер жүргізеді?

– Жақында ҚМДБ-ның бөлім басшылары және өкілдіктердің бас имамдарымен жиын өткізіп, Құрбан айтта атқарылатын қайырымдылық іс-шаралары, ақпараттық түсіндірме жұмыстары, пәтуа беру, санитарлық талаптарды сақтау секілді бағыттар бойынша жұмыстарды пысықтадық. Құрбан айт жылына бір келетін исі мұсылманның ұлық мейрамы болғандықтан, бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Осы бағытта ҚМДБ жанынан жоспарды асқан жауапкершілікпен, тиянақты түрде жүзеге асыратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Алла қаласа, жұмыс тобының қызметкерлері әздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде ұйымдастырады.

Құрбан шалу рәсімін атқару мақсатында Қазақстан бойынша 21 штаб құрылды. Штабта барлығы 2 253 қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасында техник мамандар, еріктілер, имамдар және ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының әкілдері бар. Қазір қор мамандары еліміз бойынша құрбан шалатын орындарды дайындап, мұқтаж жандардың базасын жинақтады. 2022 жылы «Раббың үшін құрбан шал» жобасы аясында еліміз бойынша 130 мыңдай отбасыға ет таратылған болатын. Биыл да мыңдаған мұқтаж отбасыға құрбан еті жеткізіледі. Осыған орай әрбір өкілдік жанынан ет қабылдау пункті жұмыс істейді.

Ал qurban2023.kz сайты туралы айтар болсақ, Құрбан айт күндері сайт еліміздің барлық өңірі бойынша қызмет кәрсетеді. Сайт жұмысына республика бойынша жауапты адамдар бекітілді. Техникалық мамандар тапсырыс-өтініш қабылдаса, қасапшылар тобы құрбан шалады. Операторлар құрбан шалу сәтінен видео мен фотоесеп дайындаса, мамандардың енді бір тобы штабтың жұмысын сайтқа шығарады. Сондай-ақ еріктілер мұқтаж отбасыларға тізім бойынша құрбандық етін таратады.

– Құрбан айт қарсаңында құрбан шалуға қатысты сұрақтар көбейетіні белгілі. Бізден де бірнеше сұрақ болсын. Қандай адам құрбандық шалуға міндетті?

– Құрбан айт күндері біздің Ханафи мәзһабы бойынша басы азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, дәулетті және Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманның құрбан шалуы міндетті. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде бізге: «Раббыңа намаз оқып, құрбан шал!» – деп бұйырған («Кәусар» сүресі, 2-аят). Мұндағы бұйыру сөзі уәжіп дегенді білдіреді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) не нәрсе міндеттелсе, оның үмметі де соны атқаруы керек. Ханафи мәзһабының фиқһ ғалымдары да құрбан шалудың уәжіп, яғни міндетті құлшылық екенін айтқан болатын.

– Құрбандықты кімнің атынан шалған дұрыс? Тірі адамның ба, әлде өмірден өткен кісінің бе?

– Екеуіне де рұқсат берілген. Алайда басқа біреудің (тірі адамның) атынан құрбандық шалған кезде сол кісінің рұқсатын алуы керек. Егер рұқсатын алмай оның атынан құрбандық шалса, құрбандығы жарамсыз болады. Өмірден өткен адамның атынан да сауабын бағыштау ниетімен құрбан шалуға болады. Ондай жағдайда ол адам ең әуелі өз атынан құрбан шалуы керек. Себебі Хазіреті Әли (Алла оған разы бол сын) екі құрбанның біреуін өзінің, екіншісін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атынан шалатын. Мұның себебін сұрағандарға ол: «Алла елшісі кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет етіп кетті», – деп жауап берген екен. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар. Өмірден өткен адам үшін құрбан шалғысы келген мұсылман мұны құрбан айт күндері атқаруы қажет.

Қазақстан мұсылмандары діни бас қармасының Шариғат және пәтуа бөлімі мамандарының атсалысуымен «Мүфтият» баспасынан «Құрбандық пәтуалары» деген жаңа кітап жарық көрді. Осы кітаптан құрбан шалуға қатысты барлық сұрақтардың жауабын алуға болады.

– Биыл қажылық сапарына елімізден 4000 қажы барады екен. Қажыларымызға қандай туристік фирмалар қызмет көрсетеді? Олардың тасымалын қандай әуе компаниялары атқарады? Жалпы, биылғы қажылық қалай өтеді деп жоспарлануда?

– Иә, Алла қаласа, санаулы күннен кейін киелі Мекке шаһарында мұсылманның бес парызының бірі – қажылық науқаны басталады. Алматы халықаралық әуежайынан қажылардың алғашқы легін қасиетті мекенге шығарып салдық. Қазір қасиетті өңірге табаны тиіп, құлшылықтарын атқарып жатыр. Биыл елімізден қажылыққа баратын 4000 адамға 18 қажылық фирмасы қызмет кәрсетеді. Қажыларымызды киелі мекенге еліміздің Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау қалаларынан Flynas (Сауд Арабиясы), Jazeera (Кувейт), Turkish Airlines (Түркия) сынды халықаралық әуе компаниялары тасымалдайды.

ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылықты ұйымдастыру-үйлестіру, алғашқы медициналық көмек, уағыз-насихат, пәтуа беру және ақпарат тарату жұмыстарымен айналысады. Қазір Қажылық миссиясы қасиетті жерлердегі өз жұмысын бастап кетті. Миссия мүшелері елімізден барған қажылардың алғашқы легін қарсы алып, орналастыру жұмыстарын атқарып жатыр. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алла Тағаланың разылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туғандай күнәдан пәк болып үйіне оралады», – деген (Бұхари). Бірде сахабалары Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең абзал амал қандай?» – деп сұраған екен. Сол кезде Алла елшісі: «Аллаға және елшісіне деген иман», – деп жауап беріпті. Сахабалар тағы да: «Сосын қайсы?» – деп сұрапты. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолындағы күрес», – депті. Сахабалар: «Сосын қайсы?» – деп тағы сұрағанда: «Игі қажылық!» – деп жауап беріпті. Алла Тағала барша мұсылман баласына осы игі қажылықты нәсіп етсін! Қажылық сапарға аттанған отандастарымыздың қажылығы мен дұға-тілегі қабыл болып, мол сауапқа кенеліп, аман-есен елге оралсын деп тілейміз.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда: «Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға» дей келіп, «Осы Құранды жақында Қазақстан мұсылман дарының Діни басқармасына табыс етеміз» деген болатын. Бұл Құранның ерекшелігі неде?

– Президент Ұлттық құрылтай кезіндегі баяндамасында айтқандай, бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан қолға өтіп, кейін шет елге шығарылған екен. Аллаға шүкір, жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен елге оралды. Бұл Құранның ерекшелігі – қасиетті кітап дін қайраткері Марал ишанға тиесілі болған, кейін Кенесары ханға берілген. Кітапта қазақтың екі ірі тұлғасының мөрі бар. Бұл Құран – қазақтың үлкен жәдігері. Сондықтан оны сақтап, қадірлеуіміз керек. Құранның оралуы – жақсылықтың нышаны. Осы қасиетті кітап пен бірге елімізге құт-береке дарысын деп тілеймін! Алла қаласа, Діни басқармаға берілген соң, құнды мұраны Түркістандағы қастерлі орын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табыстаймыз.

Сұхбаттасқан Б.БАЛЫҚБАЙ

«TÚRKISTAN» газеті, №23, 2023 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: құрбан айт 2023
Предыдущий Следующий
ҚМДБ: ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ МАЗХАБСЫЗДЫҚ ДІНСІЗДІККЕ АЛЫП БАРАР ЖОЛ

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап ЖОЛАУШЫҒА ҚҰРБАН ШАЛУ МІНДЕТТІ МЕ?
90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққан адамға құрбандық шалуы міндетті емес[1]. Бірақ нәпіл ретінде құрбандық шалса, сауапқа кенеледі.
Құрбан айт 2023 ҚМДБ: ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ
28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!...

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 04:52

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi