Құран жайлы 40 хадис: 16-ХАДИС
Он алтыншы хадис
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "لَا حَسَدَ إِلَّا فِي اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ عَلَّمَهُ اللَّهُ الْقُرْآنَ فَهُوَ يَتْلُوهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ فَسَمِعَهُ جَارٌ لَهُ فَقَالَ لَيْتَنِي أُوتِيتُ مِثْلَ مَا أُوتِيَ فُلَانٌ فَعَمِلْتُ مِثْلَ مَا يَعْمَلُ. وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يُهْلِكُهُ فِي الْحَقِّ فَقَالَ رَجُلٌ لَيْتَنِي أُوتِيتُ مِثْلَ مَا أُوتِيَ فُلَانٌ فَعَمِلْتُ مِثْلَ مَا يَعْمَلُ" (رواه البخاري).
Әбу Һурайрадан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Екі адамға ғана қызығуға болады: «Алла Тағала оған Құранды үйретіп, ол Құранды күні-түні оқып, оны естіген көршісі: «Шіркін-ай, пәленшеге нәсіп болған білім маған да нәсіп болса екен, ол амал еткені сияқты мен де амал етсем екен», – деп айтып қызыққан адам. Алла Тағала оған байлық беріп, ол оны хақ жолына жұмсап, бір адам оған: «Шіркін-ай, пәленшеге бұйырған нығмет маған да бұйырып, ол амал еткені сияқты мен де амал етсем екен», – деп айтып қызыққан адам», – деген (әл-Бұхари)[1].
[1] «Сахих әл-Бұхари», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Қари адамға қызығу» тарауы, (5026); «Жақсылықты армандау» бөлімі, «Құран мен білімді армандау» тарауы, (7232); «Таухид» бөлімі, «Қырық бесінші» тарау, (7528). Бұл хадисті Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «..ол оны хақ жолына жұмсап..» деген сөзі үлкен қырағылық, сақтықпен айтқан. Яғни естіп тұрған адамның ойы ысырапшылдық ұғымына ауып кетпес үшін жұмсау сөзін хақ сөзімен байланыстырып айтқан. Анығын Алла Тағала біледі.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов