ҚАБІРДЕН АРЫ НЕ ӨТЕДІ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАБІРДЕН АРЫ НЕ ӨТЕДІ?

| A | +

Адамның сөзі мен іс-әрекеті оның кім екенін көрсетеді. Алайда әдемі сөйлеп те, кісі көзі үшін боямалап әрекет жасауға да болатыны белгілі. Дінімізде «рия» деп аталар бұл қауіпті кемшіліктен құлан-таза адам кемде-кем. Тіпті бір қырынан қарағанда «мұсылманның өмірі – осындай олқылықтардан арылудың, іші-тысын тазалыққа, біртұтастыққа жеткізудің жолы» десе де болғандай...

Негізі, адамның шынайы бағасы – оның істеген ісі арқылы емес, оның кім екеніне қарай бағаланады. Өйткені ол адамнан сыртқа шығып жатқан бүкіл әрекет-амал – оның жан-дүниесінің (жүрегінің) сапасына тәуелді. «Жүрек – қазан, тіл – ожау, қазанда барды сапырар» дегеніміз сол. Мінеки, осы себепті Рухани өзегімізді, ішкі дүниемізді, жүрегімізді таза сақтау – ең басты мақсат-мұратымыз. Қасиетті Құрандағы «Ақыреттің игілігі – сау жүрек» («Шұғара» сүресі) деген тұжырым, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Алланың назары – жүректе» деген өсиеті, Абай хакімнің жүректің көзі тазалықпен ашылатынын айтқан сөзі – бәрі-бәрі осы мұраттың дұрыстығын паш етеді.

Ішкі дүниеміздің көрінісі, амал-әрекетіміздің қалыбы – мінез-құлық десек, мінездің маңызы туралы мынандай тамаша хадис бар: «Расында, жаман мінез жасалған жақсы амалдарды, сірке суының балды бұзғанындай, бұзады» (Табарани, Ибн Әбу Дуния жеткізген хадис). Яғни мұсылман адам сыртқы амалдарына емес, сол амалдардың қайнар бұлағына, орталығына ерекше мән беруі керек. Әйтпесе, хадистерде айтылғанындай, көреалмаушылық пен ғайбат секілді күнәлар арқылы жинаған сауапты бір сәтте жоқ қылуға, қасықтап жинаған абыройдан бір демде айырылуға болатыны белгілі. «Сауап жинау – қиын емес, сақтап қалу, Ақыретке алып бару – қиын» деген сөз осыдан шыққан.

Біз әдетте «Бұл дүние – Ақыреттің егіні» деген түйінге және аят-хадистердің үстіртін мағынасына сүйеніп, «қабірден ары өткен адамға иманы мен амалдары жолдас болады» дейміз. Бұл – хақ сөз! Бірақ, басқа қырынан қарасақ, жоғарыда айтылған ойларды ескерсек және жасаған құлшылықтар – иманның қуаттаушысы; көркем мінезді, адами қасиеттерді қалыптастырушы себеп екенін ескерсек, адамның арғы дүниеге алып кететін негізгі нәрсесі – жан-дүниесіндегі байлықтар екенін, жүрек хәлі екенін түсінеміз. Телміріп терең ойдың соңына түскен Абай хакім бүй дейді:

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,

Тән құмарын іздейсің күні-түнде.

Әділеттік, арлылық, махаббатпен –

Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

Адам ғапыл дүниені дер менікі,

Менікі деп жүргеннің бәрі – Оныкі.

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда, ойла, болады не сенікі?

Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,

Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған,

«Мен сүйгенді сүйді» деп Иең сүйсін.

Әркімнің мақсаты – өз керегінде,

Біле алмадым пысығын, зерегін де.

Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,

Хақиқат та, дін дағы тереңінде.

Абай хакім бұл өлеңінде: ««Әділеттік, арлылық, махаббат» деген қасиеттер бойыңда болса, арғы дүниеге сол өтеді», - дейді. Ұлт ұстазының бұл сөзінің дұрыстығын қасиетті Құранның мына аяты дәлелдейді: «Ол күні (Қияметте) байлық та, балалар да пайда бермейді. Тек Аллаға сау (таза) жүрекпен келгендер ғана басқа (солар жеңіске жетеді, игілікке бөленеді)» («Шұъара» сүресі, 88,89-аяттар). Яғни, сау жүрек иелері, жан-дүниесін адами қасиетпен безендірген, өзегін Махаббат пен Парасатқа толтырған; сол тазалығының арқасында айналасына шуақ шашқан жандар – жеңіс пен жетістіктің иелері!

Енді мына хадиске құлақ түрелік: «Үмметімнің жақсылары жұмаққа ораза мен намаздың, садақаның көптігімен кірмейді; Алланың рахметі, өз басының жомарттығы, кіршіксіз жүрегімен жұмаққа кіреді». (Хасаннан Ибн Әбу Дуния жеткізген хадис) Яғни, құлшылықтың саны емес, сапасы, сіңірген құндылық-қасиеті маңызды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ғылымның қақпасы» деп атаған атақты сахаба Әли ибн Әбу Толиб (р.а) айтқандай: «Жақсылықты істеуші – жақсылықтың өзінен жақсы, жамандықты істеуші – жамандықтың өзінен жаман»...

Иә, біз назарымызды атқарған амалдарымызға емес, жүрегімізге, өзіміздің КІМ екенімізге, КІМ болып бара жатқанымызға аударсақ, өкініш аз болар. Құдіретті де Мейірімді Иеміз баршамызға нағыз Мүмін болуды, Мухсин болуды нәсіп етсін!

Алғадай Әбілғазыұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БІЛІМ АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІН НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУІНІҢ ҚАНДАЙ МАҢЫЗЫ БАР?
16 қыркүйекте елордадағы Республикалық бас мешітте әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имамы шейх Ахмед Тайыптың жұма уағызын айтатыны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Бұл – ел мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Ал әл-Азһар шейхының Қазақстанға келуінің қандай маңызы бар?...
Қоғам ӘДІЛДІК ПЕН ТЕҢДІК – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам ТУҒАН ЕЛДІҢ ЖУАСЫ ДА ТӘТТІ
Туған елге һәм туған жерге деген ыстық махаббат әр бір жанның жүрегінде болуы керек дүние. Туған ел деп атауы айтып тұрғандай, адамның кіндік қаны тамған, туып-өскен өмірінің бір бөлшегі. Сол себепті адам өзінің туып өскен елінің қадіріне жете білуі керек. ...
Қоғам АҚИҚАТЫНДА, МҰСЫЛМАНДАР – БАУЫР
Ислам діні әрдайым мұсылмандардың арасын ауызбіршілікке, ынтымақ пен бауырмашылдыққа шақыратын иләһи дін. Шынайы бауырмашылдық Алланың махаббатын міндет ететін амалдардың бірі, ал Алланың махаббатына бөленген әр бір мұсылманның жәнатқа кірері хақ....
Қоғам ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ
Адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі ыңтымақ бірлік. Ынтымақ болса, ел үшін және жеке адам үшінде амандықта дамып өркендеуге негіз болады. Сол үшін Алла Тағала дінімізде ынтымақтың мызғымас мықты болу керек екенін негізгі міндеттердің бірі еткен....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi