ПАЙҒАМБАР МЕН САХАБАЛАР ЗАМАНЫНДАҒЫ УАҚЫП ІСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:33 06:54 11:42 14:42 16:24 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024

Мақалалар

ПАЙҒАМБАР МЕН САХАБАЛАР ЗАМАНЫНДАҒЫ УАҚЫП ІСІ

| A | +

Қасиетті Құранда дәулетті, ауқатты адамдардың, дүние-игілік иелерінің қоғамның тұрмыстық жағынан аз қамтылған бөлігіне қамқорлық танытуы тиіс екені анық айтылған. Құран Кәрімнің көптеген аятында: «Шынында иман етіп, жақсылық істегендер...» – деп, иман мен жақсылық ету сөзі қатар айтылады. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пен оның артынан ерген сахабалары барынша игі істер істеп, қоғамға пайда әкелетін жақсы амалдар жасады. Алла елшісі мен оның сахабалары атқарып, кейінгі мұсылмандарға үлгі еткен жақсы амалдың бірі уақып болатын.

Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз. Имам Ағзам Әбу Ханифадан басқа Ханафи ғалымдарының және Ислам құқықтанушыларының көпшілігінің пікірі бойынша, уақып мәндуп сүннет болып есептеледі. Яғни шариғат бойынша істелуі ұнамды болған және Аллаға жақындататын іс. Уақыпқа Құран мен сүннет және ижмағ (Ислам ғұламаларының көпшілігінің мақұлдауы) дәлел бола алады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 267-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, бүкіл амалы тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жалғасып тұратын садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деген (Мүслим). Осы хадиске түсініктеме берген ғалымдар: «Хадистегі «жалғасып тұратын садақа» уақыптан басқа нәрсені меңзеп тұрған жоқ. Егер оның басқа да мағынасы болса уақып та сол мағынаның ішіне кірер еді», – деген.

Ибн Омар (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Омар ибн Хаттаб Хайбар соғысында бір жерді иемденген болатын. Бір күні ол Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп осы жер жайында кеңеспек болып: «Уа, Алланың елшісі! Мен Хайбар соғысында бір жерді меншігіме алдым және ондай байлыққа бұған дейін ие болмадым. Бұл жерге қатысты маған қандай әмір бересіз?» – деп сұрайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң ол жерді уақып қыл да, одан түскен пайданы садақа етіп отыр», – деп кеңес береді. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) содан кейін ол жерді ешкімге сатылмайтын, мирасқа да берілмейтін етіп садақа еткен болатын.

Осы оқиғадағы хазіреті Омардың (Алла оған разы болсын) өз меншігіндегі жерін уақып қылуын ғұламалар «Ислам тарихындағы алғашқы уақып» деп атаған. Өйткені хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) Хайбардағы жерін уақып еткеннен кейін көптеген басқа сахабалар да өздерінің мал-мүлкін, бау-бақшасын уақып ете бастаған. Тіпті Жәбір (Алла оған разы болсын) есімді сахаба: «Алла елшісінің сахабалары ішінде мал-мүлкін уақып қылмаған ешкім болмаған», – деген. Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Ансарлардың ішіндегі ең көп құрма ағашының иесі Әбу Талха болатын. Дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байруха атты құрма бағы еді. Ол баққа Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп аялдап, демалып, бақ ішіндегі мөлдір де таза суды ішетін. Қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 92-аятындағы: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар», – деген аят нәзіл болғанда Әбу Талха (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Алла Тағала бізге: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар», – деді. Менің ең сүйікті, жақсы көретін нәрсем – Байруха бағы. Алла жолына берген садақам сол болсын», – дейді. Сол кезде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туыстарың мен жақындарыңа беруің керек деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол құрма бағын туыстары мен жақындарына бөліп берді» (Бұхари, Мүслим).

Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) да үлкен уақып жасаған. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұсылмандар ауызсу таппай қиналды. Олар Рума құдығынан басқа ішер су таба алмады. Ал құдық бір яһудидікі еді. Ол құдығының суын мұсылмандарға өте қымбат бағаға сататын. Бұл жағдайды естіген ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты құлазыды. Сахабалармен бірге отырған бір сәтте Алла елшісі кім де кім Рума құдығын сатып алса, жәннатта сол секілді құдығы болатынын жеткізді. Мұны естіген Осман (Алла оған разы болсын) әлгі яһудиді тауып  алып, құдықты өзіне сатуын сұрайды. Яһуди құдықты толық сатуға көнбей, жартысын ғана өте қымбат бағаға сатады. Осман (Алла оған разы болсын) қуаныштан төбесі көкке жетуге шақ қалып ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп құдықтың жартысын сатып алып, мұсылмандарға уақып еткенін жеткізеді. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Османның бұл әрекетін мақтап, оған ыстық ілтипат білдіреді. Осы лайша құдықтан бір күн су алу құқығы хазіреті Османдікі, екінші күні яһудидікі болып бөлінеді. Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) өзіне тиесілі күн келген кезде халыққа тегін бергендіктен, халық жеткілікті дәрежеде құдықтан су алып алатын. Сол себепті яһудиге тиесілі күнде ешкім су алуға бармайтын болды. Шарасыз күйге түскен яһуди осылайша құдықтың қалған жартысын да арзан бағаға сатуға мәжбүр болды. Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) кейін құдықты толығымен халыққа берді. Мұсылмандарға уақып еткен хазіреті Османның (Алла оған разы болсын) бұл құдығы ғасырдан ғасырға жалғасып, бірнеше ұрпаққа өз қызметін көрсеткен болатын.

Асыл дінімізді қадірлеп, ата дәстүрін ардақтай білген бабаларымыз да уақыптың қадірін жақсы түсінді. Мысалы, Бейбарыс сұлтан Мысыр елінде салған мешіті және Ислам жұртына ардақты үш мешіт: Меккедегі Харам мешіті, Мәдинадағы Пайғамбар мешіті және Құддыстағы әл-Ақса мешітін жөндеуден өткізіп, кеңейткені белгілі.

Хәкім Абайдың әкесі Құнанбай қажы Өскенбайұлы Меккеге қажылық жасауға барған қасиетті сапарында қазақ байларымен бірігіп киелі шаһардан тәкие (қонақ үй) салдырып, уақып жасаған болатын. Әкесінің бұл игі ісі жайында Абай Құнанбайұлы:

«Меккеде уақып үй салып,
Пәтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына,
Малды аямай бұлапты», – деген.

Уақып – зекет емес. Зекет – парыз, ал уақып – сүннет амал. Зекет те нисап мөлшері бар. Ал уақыптың белгілі бір мөлшері жоқ. Зекет жылына бір рет берілсе, уақыптың мерзімі жоқ. Адамның өз еркіндегі нәрсе болғандықтан, өзі қалағанынша уақып ете алады. Зекетке берілетін ақшаны айналымға сала алмайсыз. Бірден сегіз топтағы адамға таратып беру шарт. Ал уақыптан түскен қаржыны айналымға салуға болады.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бен оның саңлақ сахабалары атқарған бізге үлгі боларлық ізгі амалдары өте көп. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адамдардың жақсысы – (өзге) адамдарға көбірек пайда тигізгені», – деген болатын. (Табарани). Біздің қазақта «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі» деген сөз бар. Ендеше, біз де Алла елшісі мен сахабалардың игі істерін үлгі етіп, қоғамға пайда әкелетін ізгі амалдар атқаруға тырысайық!

Ардақ НҮСІПХАНҰЛЫ,

ҚМДБ «Уақып» қорының

басқарма төрағасы

«Мұнара» газеті, №16, 2023 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ТЕРРОРИЗМ - ЖАУАПТЫ ШЫНДЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Саңлақ сахабалар САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы – нәпсіні тәрбиелеп, рухты тазартып, тақуалықтың жаңа сатысына көтерілетін – ай.  Ораза - құрметті құлшылық. Құл мен Раббысы арасындағы – сыр.  Себебі бұл айда рия араласпайды. Сол себепті де Алла Тағала «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі ...
Саңлақ сахабалар САХАБАЛАРДЫҢ ҚҰРАНҒА МАХАББАТЫ
Милади 610 жылдың Рамазан айында түсіріле бастаған Құран, жиырма үш жылдың ішінде тамамдалды. Сол уақыттан бері миллиардтаған адамның жүрегіне жайғасып, әлемдегі ең көп оқылатын кітапқа айналып келеді. Құран Кәрімді оқу, түсіну және соған сай өмірімізді өрнектеу, әсіресе осындай жақсы істің сауабы е...
Саңлақ сахабалар САХАБАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЗІЛ
Имам Тахауи (р.а.) ақида еңбегінде: «Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабаларын жақсы көреміз. Ешбіріне сүйіспеншілігіміз шектен тыс емес. Оларды жек көретіндерді және олар жайлы жақсы айтпайтындарды біз де жек көреміз. Сахабалар жайлы тек жақсы сөз айтамыз. Оларды жақсы көру – дін, иман һәм ихсан. Ал, жек...
Саңлақ сахабалар БҮЛІК КЕЗІНДЕГІ САХАБАЛАР САЯСАТЫ
Халифа Осман заманында ислам әлемі үлкен бүліктің құрбанына айналады. Мамыражай дәуірде фитнашылар ел арасында түрлі ылаң жаяды. Нәтижеде қызба қанды жастар мен қауесетке ерген кісілер алдын ала шебер жоспарланған бүліктің қолындағы шоқпар боп шыға келеді. Осы кезеңді еске ала отырып табиғин Мұхамме...
Саңлақ сахабалар Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Хазреті Омардың (р.а.) Алланың тағдырынан қалай қашқаны жайлы...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:42

Ақшамға дейін 01:04

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi