V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауға Алматы қаласы өкілдігі бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен Әуезов ауданы «Таугүл» мешітінде Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына Алматы қаласы бойынша іріктеу кезеңі тартысты өтті. Іріктеу сайысқа жалпы саны 27 қыз қатысты. Жарысқа түсіп, жүзден жүйрік шыққан қыздар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде:
30 пара бойынша;
1-орын Тлеуова Ырысайханым (200 000 тг ) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына жолдама.
2-орын Әлібай Әмина (170 000 тг);
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын Нұртуғанқызы Фатима (150 000 тг) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына жолдама.
2-орын Рискидинова Сумая (130 000 тг);
3-орын Абдулла Мариям (120 000 тг);
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын Иминова Саджида (100 000 тг) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына жолдама.
2-орын Уразбек Хадия (80 000 тг);
3-орын Балтабай Айша (60 000 тг);
Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын Ернарқызы Айша (70 000 тг) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына жолдама.
2-орын Қуандықова Айару (60 000 тг);
3-орын Дәділ Айша (50 000 тг) ;
Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы Құран жаттап сайысқа қатысқан барша қари қыздарға алғыс айтты. Алдағы 24-25 сәуір күндері Түркістан қаласында өтетін қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауына жолдама алған қари қыздарға сәттілік тілеп, батасын берді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі































