Ұшатын такси сынақтан өтті (фото, видео)

Немістердің Lilium компаниясы ұшатын такисді сынақтан өткізді. Ол бірнеше шақырымды артқа тастап, жерге сәтті қонды. Аталмыш компания 2025 жылы осынау әуе қатынасына арналған көлік түрімен жолаушыларды тасмалдауды жоспарлап отыр. Lilium-ның таксиі алғашқы сынақта сағатына 100 шақырым қашықтықты бағындырды. Ұшып-қону үшін соншалықты үлкен жолақты немесе алаңды қажет етпейді. Болашақта Lilium жылдамдығын сағатына 300 шақырымға арттыруды көздеп отыр. Бұл жолаушыларды қалалар арасында жылдам тасымалдауға жеткілікті меже. Ұшатын такси кабинасы 8 адамға шақталған.
Islam.kz